Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскерилер оқ ату даярлығын өткізді


13 августа 2021, 04:04 | 921 просмотр



Талдықорған гарнизонында 18386 әскери бөлімінің жеке құрамы оқ ату даярлығын өткізді.

Бөлімнің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес АК-74 қаруымен атыс дайындығын жүргізді. Атыс жаттығуын орындамас бұрын барлық жеке құрам қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып, жеке оқ ату кезіндегі міндеттер сұралды. Қарумен оқ ату даярлығына жеке құрам жоғары моральдық психологиялық дайындықпен келді.

- Оқ ату жаттығуының нәтижесінде жеке құрам жоғары ұпай жинап, жақсы бағалар алды. Бұл жаттығуларды орындау әскери қызметшілердің өз тәжірбиелерін жақсартуға мүмкіндік берді, - деді әскери бөлімінің батальон сержанты - сержанттар құрамымен жауынгерлік және дене дайындығының нұсқаушысы 2-ші сыныпты сержант Дулат Мырзабеков.

Қарудан оқ атуды орындау барысында бөлімше бастығы прапорщик Аслан Ақашев және медициналық пунктінің фельдшері аға сержант Надежда Фридрих шеберлігін көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Автор:
майор Жанат СЕМБАЕВ, Талдықорған гарнизоны баспасөз қызметінің басшысы