Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Мектепке жол» – мейірімділік акциясы


11 августа 2021, 04:22 | 1 153 просмотра



Талдықорған қаласындағы байланыс әскерлерінің жеке құрамы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 игі іс аясында көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға арналған қайырымдылық шара ұйымдастырды.

Жыл сайын ұйымдастырылып, дәстүрге айналған республикалық акция биылда жалғасын тапты. Оның негізгі мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балғындарына көмек қолын созу болып табылады.

Бүгінгі таңда «Мектепке жол» акциясы аясында 12 бала мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.  

         Бүлдіршіндер шара шеңберінде қаладағы кинотеатрдағы көгілдір экраннан  мультфильм тамашалады. Бұл өз кезегінде балаларға қуаныш сыйлағаны анық.

         Біз осындай шараларды жылда ұйымдастырамыз. Көпбалалы отбасынан шыққан бүлдіршіндерге мектепте қажет болатын заттарды сыйға тартып, оларға қуаныш сыйлағанның өзі үлкен бақыт, деді отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Дария Досанбекова.

         Айта кетейік, бұл игілікті бастама қыркүйектің 30-на дейін жалғасады.

Автор:
майор Жанат СЕМБАЕВ, Талдықорған гарнизоны баспасөз қызметінің басшысы