Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Еңбешіқазақ ауданы Шелек өңірінің даму жолы айқын


6 августа 2021, 08:31 | 1 724 просмотра



Еңбекшіқазақ ауданы жалпы аумағы 8296 шаршы км құраса, оның 6177 шаршы км, 75 пайызы Шелек өңіріне жатады. Өңірдегі халық саны 110 мың, Елдегі ауылдық169 ауданның 133 -інде 5 мың 700 ден 70 мыңға дейін адам тұрса, Алматы облысындағы 17 ауданның 12-нде халық саны 40- 70 мыңға дейін. Ақсу, Көксу, Балхаш , Қаратал аудандарының әр біреуінде тұратын халық саны 35,6 мың тұрғыны бар бір Шелек ауылына пара-пар.

Шелек өңірінде жергілікті халық саны жылма-жыл өсуде. Туылғандар саны қайтыс болғандардан 4 есе көп. Нарық көшімен 5800 шаруа қожалықтары, 97 ЖШС, 2 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер, АҚ шаруашы- лықпен айналысады, жұмыспен қамтылған. Алматы-Харғос темір жолы, Шелек стансасы салынды. Өңірдің 130 км жерін басып өтетін Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолы салынып логистикалық орталық салу мүмкіндіктері ашылды. Шелек өңіріне газ құбыры тартылды. Бір-екі жылда тұрғын үйлер мен мекемелерді газбен жылыту мәселесі шешілгелі тұр. Бұл күрде лі экономикалық, индустриалды инновациялық даму стратегиясын өңірде іске асыруда кәсіпорын іске қосылып,100-деген жұмыс орындары ашылып, жастардың қалаға көшуіне тежеу болмақ.
Өңірде су, жел, күннің көзінің қуаттарын отын ретінде пайдалануға, ал табиғат қорларын демалу, тынығу, тоқалу, күшею мақсаттарында пайдалануға мүмкіндіктер баршылық.
Ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Нұрлы ауылында қуатты- лығы жылына 2500 тн құс етін өндіретін «Нұрлы Құс» ЖШС құс фабрикасы салынып, іске қосылды,120 жұмыс орны ашылды, 1,8 млрд.теңге инвестиция салынды, қуаттылығы 500 тонна «Ақтай сауда» ЖШС ет комбинаты жұмыс істейді, 30 жұмыс орны құрылды, 550 млн. теңге инвестиция салынды. Масақ ауылдық округінде қуаттылығы 5 МВт екі жел электр станциясы салынды, инвестиция сомасы 2,2 млрд. теңгені құрады; Қуаттылығы 4,5 МВт болатын «Нұрлы ЖЭС» жел электр станциясының бірінші кезегі салынды. Сөгеті ауылдық округінде қуаттылығы 200 МВт күн электр станциясы құрылысы; Шелек өзенінде қуаттылығы 40 МВт ГЭС каскадының құрылысы жобалар бойынша 130 млрд.теңгеден астам инвестиция тартылуы күтілуде.
«Жетісу вольфрамы» ЖШС вольфрам кендерін өндіру бойынша Бұғыты тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды. Жобаның қуаттылығы – жылына 3,3 млн.тонна кен, жобаның құны- 95 млрд.теңге, 350 жұмыс орны ашылады. Тауқаратұрық ауылында «Алма Матер Филдс» ЖШС 118 гектарға интенсивтік бақ отырғызды. 3600 тоннаға арналған ірі жеміс сақтайтын қойманы іске қосты. Инвестицияның көлемі 4,5 млрд.теңге. Қорам ауылында 3,0 млрд. теңгеге сыйымдылығы 8 мың тоннаны құрайтын «Феникс групп» ЖШС қоймасы; Тескенсу ауылында 2,1 млрд.теңгеге 5 мың тоннаға арналған «Арнау агро» ЖШС. Шелектің оңтүстік жағы тау етегіндегі елдімекендердің жайылым жеріне 300 га алма отырғызылды. «Энергия Семиречья» ЖШС компаниясы 30 млрд.теңгеге 60 МВт қуаттылығымен 24 жел электр станция- сының құрылысын бастады. Бартоғай су қоймасына қуаты 33,1 МВт су ЭС салуға «Жарық-Су LТD»-ға қазір тұрған екі туннельден өзге, тағы бір туннель салынуына жұмыс істеуді бастады. «Техностройстандарт» ЖШС 148 млн теңгеге Нұрлы ауылында 220 ауланың 108 ауласына жаңа құбырдан су тартылды. Достық ауылы мен Тауқаратұрық ауылында су құбы ры жүйесі пайдалануға берілді. Лавар ауылында сметалық құны 28 млн теңге, ұзынды -ғы 2,5 шақырымдық су құбыры желісі тартылып, пайдалануға берілді. Қ.Ұлтарақов ауылында Б.Нұрбеков алаңы 1,5 га жылыжайында 0,75 га қызанақ, 0,75 қияр өнімдерін өндіруде. Жеке кәсіпкер В.Хан 1 га жерге жылыжай салып, 21 млн 801 мын 479 теңге инвистиция тартты және 6 адамды жұмыспен қамтыды.Ашысай ауылында қызанақ өсіретін үлкен теплица жұмысын бастады. Көлемі 1 мың гектар жері бар 2000 тонна тауарлы балық өсірген тоған шаруашылығы қолға алынып, жандардыру басталды.
Өңірдегі Аяққалқан, Қорам, Нұрлы минералды суының шипалылығы тері, асқазан ауруларын, радикулитті, ревматизмді емдеуге пайдалануға, халыққа қызмет етуге жағдай жасауға мүмкіндер бар.
Әр нәрсе салыстырумен нақтыланады. Бұрын Шелек жолаушы тасымалдау кәсіпорны Нарынқол, Кеген, Ұйғыр аудан тұрғындарын Алматы қаласымен байланыстырып тұрды. Газбен қамту кәсіпорны 5 аудан халқын газбен қамтамасыз етті. Кірпіш заводы күйдірілген кірпішпен 5 аудан халқының қажеттілігін қамтамасыз етсе, тігін фабрикасында 200 әйел жұмыс жасап республика көлемінде арзан өнімдерін халық күнделікті пайдаланын еді. «Казсельхозтехника» бөлімшесінің 120 жұмыскері 4 ауданның комбайн, трактор моторларын жөндеуден өткізіп отырған еді. Жүгері өнімдерін өңдеу және құрама жем жасайтын завод 30 мың тонна астықты қабылдап өңдеп –сақтап , өнім дайындап 4 аудан шаруашылықтарын жем, құрама жеммен қамтамасыз еткен. Сонымен қатар, Талғар спирт заводына шикізат өткізетін. Байланыс торабы ЭТУС бөлімі бірнеше аудандардың телефон байланысын реттеп отырған, өңірдегі «Радиоцентр- 7» 14 тілде жаңалықтарды көптеген мемлекеттерге таратып отырған режимді мекеме, 5 аудан бойынша автокөлік есебі, жүргізуші куәліктерін беретін мекеме болған. Өңірде мал базары да бар еді. Бұл мекемелерде 2200 адам қажырлы еңбек етті. Өмірде іскер бас шы, білікті ие өзі басқарып отырған аймақ, ұжымда, кәсіпорында ұрлыққа, жемқорлыққа , парақорлыққа, тәртіпсіздікке жол бермеген.
Сонымен қатар, сүт заводы, пиво, нан заводтары, автобус паркі (2 га көлемі), Казсельхозтехника (бірнеше қойма, цех), жүгері өңдеу заводы ( 21 га көлемі), құрама жем шығару заводы, авто база, Шелек тігін фабрикасы, ПМК 701, СПМК -3, Шелек тұтынушылар одағының автопаркі, Филип-моррис темекі қабылдау цехі, жеміс консервілеу цехі ғимараты бос тұр. Бос тұрған ғимараттар- мүмкіндік.
Биылғы жылы елімізде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30
жылдық мерекесіне қарсы түрлі танымдық, тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізілуде..Өңірде 33 ұлт өкілдері бір отбасы мүшесі сияқты бірін-бірі сый -лап, көмектесіп, қииыншылықты бірге төзіммен көтеріп, тату өмір сүруде.
11 ауылдық әкімшілік жер, мүлік, транспорт,табыс салығына байланысты жұмыстарын ойдағыдай жүргізуде. Мемлекеттік бағдарламамен мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар атқарылып, ауылшаруашылық техника жаңартылды. Мүмкіндікті бүгінде пайдаланып, мал шаруашылығы өнімдерін 1,5 есе көбейтуге болады. Өзін-өзі қамтамасыз ету жолында 50 мың сиыр, 210772 бас ұсақ мал,12 мың жылқы, 25 мың құс, 83 түйе,1220 шошқа бағып күтуде. Бұрынғы 17 кеңшардың 14 қыстағында жеке шаруа қожалықтары 1 мыңнан астам қой, 300 бас сиыр бағып отыр. Қандастардың әр отбасы 150 қой, 20-30 сиырға ие. Бартоғай су қоймасы, Асы жайлауы, Қапшағай бойы, Бұғыты, Бақай тауы бөктерінде демалыс орындарын ашып туризмді дамы- туға, жергілікті тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды, экологияны жақсартуға мүмкіндік жеткілікті.
Әкімшілік ғимараты 3 қабат , сот, прокуратура, полиция, қауіпсіздік комитеті, халыққа қызмет көрсету орталығы, Мәдениет үйі, банктер, мұражай, архив, әділет бөлімі , спорт, музыкалық мектептер, энергосбыт, энерго жүйе- сі, асфальт заводы, жол жөндеу және пайдалану учаскесі, орталық почта, байланыс тарату, орман шаруашылығы кәсіпорындары, аудандық аурухана , 4 аурухана, жедел жәрдем бөлімі, СЭС орталығы, ветаптека, дезостанция, ветбаклаборатория жұмыс істеуде. 33 дәрігерлік амбулатория, 16 ФАП- та 360 тан аса ақ халатты жандар адам денсаулығын сақтауда еңбек етуде.
Шелек ауылының өзінде 8 орта мектеп, 2 колледж, 3 балабақша, балалар үйі қызмет атқаруда. Өңір елді мекендерінде 34 білім ошақтары бар. 14 мың оқушы контингенттер негізінен бір ауысымда білім алады. Білім ошақтары нда 1700 оқытушы мамандар толығымен жеткілікті.
Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруге жайылымның жетіспеуі, дақылдар өсіруге бөлінетін субсидия алу, ауыз су мен суармалы жерді ылғалдандыру, жанар-жағармаймен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, өнімді өткізу жолы, өткізу бағасы, сақтау, өңдеу, жол, жолаушылар тасымалдау сияқты күнде -лікті тіршілікте кездесетін проблемаларға қарамастан ауылдықтар ауылды көркейтуге жалықпай еңбек жасауда.

Автор:
Нұрлан Ердәулетұлы