Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


6 августа 2021, 06:55 | 1 319 просмотров



Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес, «Ескелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

1. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру»
3. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
5. «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату»
6. «Жер учаскесін алуға кезекке қою»
7.«Оқушыларды мектепке дейін және кері тасымалдау қызметі»
2021 жылғы қаңтар-шілде айларында округ бойынша30 мемілекеттік қызмет көрсетілді, оның 19-ы «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу», 9-ы жалпы білім беру ұйымына және кері қарай үйге тегін тасымалдау туралы. Бүгінгі таңда жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекекттік қызметтерді көрсету үшін
«Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау» яғни «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйе іске қосылған.
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» қызметі 2-кезеңнен тұрады.
- Қызмет көрсету мерзімінің 1-кезеңі -12 жұмыс күн, 2- кезеңі -3 жұмыс күн. Қызмет алушылар Заңды және жеке тұлға болып табылады.
- Қызмет тегін беріледі. Нақтырақ айтсақ Бірінші кезең бойынша сұратылып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін анықтау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (жер учаскесін объектілер салу үшін сұратылған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең: сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

 

Автор:
Айнагүл Билал,Ескелді ауылдық округі әкіміаппаратының бас маманы,Қаратал ауданы.