Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жол ережесін сақта!


28 июля 2021, 04:23 | 953 просмотра



Талдықорған гарнизонындағы 18386 әскери бөлімнің базасында жеке құрамымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен олардың ауыр салдарының санын төмендету тақырыбында жиын өткізілді.
Шараның басты мақсаты әскери және жеке көлік құралдарының жол жүру қауіпсіздігін сақтауға, сондай-ақ жол-көлік оқиғалары мен олардың ауыр салдарының санын азайтуға бағытталған.
Әскери полиция бөлімінен келген әскери қызметкерлер жеке құрамға елімізде әскери қызметшілердің қатысуымен болған жол көлік оқиғалары статистикасын өткен жылмен салыстырмалы түрде жеткізді. Алматы облыстық психикалық денсаулық орталығынан келген мамандар нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстану туралы дәріс оқыды. Сонымен қатар, ішімдіктің адам денсаулығына зияндығын және масаң күйде көлік тізгіндеудің көптеген қайғылы оқиғаларға алып келетінін айтты.
- Жеке құраммен жол жүру қағидаларының бұзылуына жол бермеуіне, әсіресе жылдамдық режимінде қозғалу, алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқару тақырыбында қосымша сабақтар мен нұсқаулықтар өткізілуде. Қазіргі таңда «Жылдамдық туралы ойлан» деген айлық өтуде, оның басты мақсаты жол-көлік оқиғаларының санын төмендетуге бағытталған, - деді әскери автомобильдік полиция бөлімшесінің бастығы капитан Қанат Закуляев.
Бұдан басқа, әскери қызметшілердің қатысуымен орын алған жол көлік оқиғалары бойынша арнайы дайындалған бейнероликтер осы кездесуде жеке құрамның назарына ұсынылды.
Аталған іс-шараға Талдықорған гарнизоны Әскери полиция бөлімінің әскери автомобильдік полиция бөлімшесінің өкілдері және Облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары қатысты.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі