Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ


28 января 2011, 07:50 | 2 042 просмотра



ҚАҢТАРДЫҢ 20-СЫНДА ӨТКЕН АЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ ҚР БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ КЕҢЕС ОСПАН-

ОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНАН АҚПАРАТ БЕРДІ.

АЛҚА МӘЖІЛІСІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОБЛЫСТАРДЫҢ, АСТАНА МЕН АЛМАТЫ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРГАНДАРЫ МЕН ҰЙЫМДАРЫНЫҢ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ, ОБАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ, САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ, ЖҚТБ-НЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.

2010 жылы республикада көптеген нозология бойынша халықтың инфекциялық және паразиттік аурулармен сырқаттанушылығының тұрақты төмендеу тенденциясы байқалды. Оба, тырысқақ, дифтерия, туляремия, паратиф, сіреспе ауруларының жағдайы тіркелген жоқ, 21 инфекция бойынша төмендеу байқалды.

Эпидемияға қарсы жүргізілген іс-шаралар кешені республика аумағында полиомиелит таралуының алдын алуға мүмкіндік берді.

2010 жылдан бастап республикада балаларды пневмококк инфекциясына қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау жүргізілді, 2015 жылға дейін вакцинациялау республиканың барлық өңірлерінде жүргізілетін болады.

Республиканың санитариялық-эпидемиологиялық қызметі ЕҚЫҰ-ның Саммитіне дайындық және оны өткізу кезеңінде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етті.

Беларусь және Ресейдің санитариялық-эпидемиологиялық қызметімен бірлесіп, Кеден одағының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық базасын әзірлеу және қалыптастыру бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылды. Қазақстан Республикасының Парламенті Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімін ратификациялады.

2010 жылы Комитет Қазақстанның кәсіпкерлік субъектілері үшін әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша жұмысты жалғастырды.

Өзара іс-қимылдар туралы жасалған меморандум шеңберінде «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасымен және оның өңірлік филиалдарымен бірлескен жұмыс жалғастырылды. Қызметтің рұқсат ету құжаттарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі және АҚШ арасындағы келісімге сәйкес ағымдағы жылы Алматы қаласында «Масғұт Ай-қымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығы» РМҚК базасында Орталық референс-зертхананың (бұдан әрі – ОРЗ) құрылысы басталды.

Өткен жылы алғаш рет Жол картасы шеңберінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің 101 объектісіне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді.

2011 жылы республиканың санитариялық-эпидемиологиялық қызметі 7-ші қысқы Азия ойындарын өткізу кезеңінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге, инфекциялық аурулармен сырқаттанушылықты одан әрі азайтуға, кәсіпкерлік субъектілерді дамыту үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға, рұқсат ету құжаттарын оңтайландыруға, Кеден одағы шеңберінде нормативтік шарттық базаны жетілдіруге, бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді жұмыс істеуге, халық-

аралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, отанда жасалып-шығарылатын иммундық-биологиялық препараттардың өндірісін дамытуға, кадрлардың біліктілігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықты ескертуге және алдын алуға бағытталатын болады.

Автор:
Баспасөз қызметі.