Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Угги етігі зиянды ма?


28 января 2011, 13:51 | 2 188 просмотров



Угги (ағыл.: Ugg boots, uggs, уги) — ерлермен әйелдерге арнап қой терісінен тігілген етік, бәтеңке. Угги етіктерінің отаны Австралия, я болмаса, Жаңа Зеландия екен (ол туралы зерттеп жату қажет емес). Австралияда XIX ғасырда угги етіктері киілген. О баста шаңғышылар аяқтарын жылы ұстау үшін кисе, дүниежүзілік соғыстың екеуінде де ұшқыштар ұшу кезінде аяқтары жаурамас үшін киген. Ал осы күндері сәнге айналған аяқ киім болды.

Угги етіктері кәдімгі етікке мүлдем ұқсамайды. Сырт көзге алыстан пимаға ұқсап көрінгенімен, көп ұқсайтын сипаты шамалы. Австралиядан әлемге тараған етік өте жеңіл, табаны тегіс, аяққа ыңғайлы тұрады.

Угги етігі зиянды ма?

«Угги етігін ұзақ уақыт киіп жүру денсаулыққа зиян келтіреді» деп санайтын ортопед-дәрігерлер (британдық ортопед, педиатр, дермотолог дәрігерлер) етік табанының тегіс болуынан табанға, омыртқаға, тізе буындарына, сүйектердің қалыптасуына зақым келеді дегенді айтады. Дәрігер мамандардың дабыл қаға отырып уггидің зияндылығын түсіндіру істерінде жастардың әлі қалыптасып болмаған дене бітімдеріне аяқ киімдегі болмашы олқылықтың кері әсер ететіндігі айтылған. Етік табанының тегіс болуы зиянды болса, оған тағы етіктердің Қытайдан келетін сапасыз түрлерін, жасалатын синтетикалық материалдардың зияндылығын қосыңыз.

Егер сіздің алған угги етігіңіз сапасыз, арзан болса, зиянды екендігіне күмәніңіз болмасын. Арзанның сорпасы татымайды. Таза қой терісінен тігілетін етіктердің бағасы базардағы Қытай етіктеріне қойылған бағалармен шамалас болмайды. Арзанқол етіктер синтетикалық материалдардан тігіледі.

Уггиді жақтаушылар не дейді?

«Етігіңіз сапалы болса, көп уақыт кимесеңіз, зияны жоқ. Керек десеңіз, биік өкше де зиянды» деген уәж айтады. Оның өз тауарларын сатуды көздеген адамдардың сөзі деп ұғасыз ба, дұрыс айтылған сөз деп ұғасыз ба, ол жағы —сіздің еншіңіздегі шаруа. Бірақ дәрігерлердің уггиді киюге үгіттеген кездері болмағанын ұмытпағайсыздар.

Табаны уггиге ұқсас, жалпақ, біртегіс болып келетін аяқ киімдердің барлығы ұзақ киген уақытта зиянды болады. Күн жылынса екінің бірі киетін кедылар, жалпақ, жұқа табанды баллет туфлилерді орынсыз киюдің зиянды екенін ескеріңіз.

Автор:
www.Malimetter.org танымдық және энциклопедиялық сайтынан Бетті әзірлеген Ырыс КЕНЖЕ