Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Түскі ұйқы апаттан сақтайды


28 января 2011, 07:52 | 2 692 просмотра


Күні бойы қалың шудың арасында жүріп қатты шаршаған адамға түнде ғана ұйықтау денсаулық тұрғысынан жеткілікті ме? Макс Плэнк институтының ұйқыны зерттеу бөлімі мамандары мен психологтарының бірі:

«Еуропаның көптеген медицина мамандары мен биологтары күндізгі ұйқы жөніндегі зерттеулерге елеусіз қарап келді. Есесіне түнгі ұйқы көп зерттеліп, көп жазылды. Шығыс кітапханаларында қаншама жылдан бері осы төңіректе жазылған мағлұматтар көп кездессе де, әлі күнге жете көңіл бөлмей келгеніміз —біз үшін айтарлықтай кемшілік» —дейді доктор Жүрген Заллей.

Ғалымдар түскі ұйқы адамның денсаулығы мен сергектігі тұрғысынан өте пайдалы деген тұжырым жасап отыр.

Макс Планк институтында ұйқыны зерттеумен шұғылданатын доктор Заллей жұмыс орнындағы қызметкерлерге жүргізген| бақылаулары мен зертханалардағы зерттеулерін ұштастырып, мынадай тұжырымға келді: «Зертханада мейлінше тыныштық. Біз бақылауға алған кісі тыныш ұйқы құшағында. Бұл жерде жұмыс істеп тұрған нәрсе ЕЕГ (Электроэнсефалография) құралы ғана. Дененің белгілі орталықтарына жабыстырған құрал бұлшық еттердің босауы мен қозғалысын, қысымын бақылауда. Бір жағынан, дене температурасы да өлшенуде. Екі сағатқа созылған бақылаудан кейін компьютер мәліметтер мынаны ұқтырды: түскі ұйқы адамның жүрек, ми, барлық дене ағзаларын реттейтін табиғи жағдай.

Ұйқы зерттеушісі Жим Хорне бақылау жасалған кісінің дене температурасы,ой қабі-

летімен қатар күндіз жоғарылай, түскенін байқаған. Зурич универсиітетінің Фармокология институтында зерттеу жүргізген Ирина Тоблер иттердің, тышқандардың маймылдар мен аттардың түс уақытында 20 минут, тіпті жарты сағаттай ұйықтағандықтарына куә бол-ған.

Түскі ұйқының табиғи ритмі (Биоритм) сәбилер мен кішкене балалардан анық бай-қалады. Әсіресе, емшектегі сәбилердің түнгі уақыттарда ретті ұйықтамаса да күндізгі уақытта жиі-жиі ұйықтауы қалыпты деп қабылдануда. Уақыт өтіп, баланың жасы есейе түскен сайын түнгі ұйқысы реттеледі, алайда күндізгі ұйқыны (түскі ұйқы) да қажет етеді. Ол түскі уақыттарда үнемі есінеу, көздің талуы, дененің босаңсуы секілді табиғи реакциялар арқылы белгі береді. Адам қартайған шағында түнгі ұйқыдан күндізгі ұйқыға көбірек бейімделе бастайды. Бұл кезеңде ұйқы мерзімі қысқа да болса жиі қайталанып тұрады. Күні бойы үш-төрт мезгіл көз ілінеді.

Олай болса, ешкім бас тарта алмайтын бұл түскі ұйқы қайдан пайда болуда? Мамандар ол «Адамның биологиялық сағаты» деуде. Түстен кейін сағат екі мен төрт арасында дене температурасы ең жоғарғы деңгейге жеткен кезінде адам шаршайды, босаңсиды. Бұл кезде тынықққан жөн. Түскі уақытта екі сағат көз шырымын алған адам тыңайып, әжептәуір сергектікке қол жеткізеді. Байқасаңыз, жол апаттарының болу қаупі дәл осы уақытта көп ұшырасады. Жол қазасының 23 пайызы осы уақытта болады екен. Мамандар ең үлкен тәуекел иелері ұшқыш, дәрігер, кезекшілердің түскі уақытта кішкене көз шырымын алса, қатердің болу қаупі сейілетіндігін байқаған. Өйткені, жарты сағаттық түскі екі сағаттық түнгі ұйқыға тең келуде.Батыстық ғалымдар енді аңғарып жатқан бұл ақиқатты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің де (с.а.у.) өмірінен көреміз. Ол түнде тұрып намаз оқу үшін үмбетіне күндізгі уақытта түс кезінде көз шырымын апу керектігін аманат еткен. Өзі де үнемі түс кезінде көз шырымын алатын болған.Тіпті жаугершілік кездерде де бұл әдетін тастамаған екен.