Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Бірінші жарты жылдықта жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен өңірде 30 мыңнан астам адам қамтылған


22 июля 2021, 11:41 | 952 просмотра



белсенді шараларына өңірде 30 мыңнан астам жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтығандар тартылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне қарағанда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға биылғы жылы облысқа 31,8 млрд. теңге бөлінген.  Биылғы жылдың бірінші жартысында халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен өңірде 30 мыңнан астам адам қамтылған. Соның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы арқылы 3,3 мың адам жұмысқа орналасқан.  

Сол сияқты халықты жұмыспен қамтуға шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қолдаудың тигізген ықпалы зор.

Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің Жол картасы», «Еңбек» бағдарламалары мен «Жетісу» өңірлік бағдарламасы шеңберінде қаржы көлемі 23 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылған.  

Бірінші жарты жылдықта 7,5 млрд. теңгеге 990 жоба қаржыландырылып, 2 750 тұрақты жұмыс орны құрылған.

Биылғы жылы жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 34,3% жетеді.

Автор:
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі