Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Үш буынды модельдің алғашқы қадамы


22 июля 2021, 11:26 | 977 просмотров



Елімізде қылмыстық процесте азаматтардың құқығын қорғауды көздейтін заң қолданысқа енгізілді. Қазіргі уақытта дамыған мелекеттерде осындай тәртіп қалыптасқан.

Бірінші буын полиция болып табылады, ол дәлелдерді жинайды, қылмыскерлерді іздейді, осының бәрі прокурорға саралау үшін түседі. Екінші буын - прокурор өз тарапынан оларды жан-жақты қарап, күдіктінің дәлелдерін ескеріп, сараптама жасаған соң ғана бекітеді. Содан кейін ғана адам күдікті болып табылады. Ол адамға процессуалдық тергеудің шектеулері ғана міндеттеме болып есептеледі. Одан кейін үшінші буын - сот қарап өз шешімін шығарады.

Сондай-ақ заңнамаға енгізілген өзгерістер бір қатар процестік шешімдерді белгіленген мерзімде прокурормен міндетті келісу/бекітуді қарастырады.

Осыған байланысты, қылмыстық қудалау органдары 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап, құпиялықты сақтауды талап ететіндерді қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің ақпараттық жүйесінде:

- келісу үшін: күдікті деп тану туралы; күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы; күдіктінің іс-әрекетін саралауды өзгерту және толықтыру туралы; қылмыстық құқық бұзушылықты саралау туралы; тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы;

- бекіту үшін: қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтату туралы; бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы процестік шешімдерді; қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы электрондық форматта прокурорға жіберу көзделген.  

Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасымен үш буынды жүйені іске асыру үшін Талдықорған және Үшарал гарнизондарының әскери қылмыстық қудалау органдарымен тиімді өзара іс-қимыл орнатылды.

Қылмыстық істерді электрондық форматта сапалы жүргізу үшін қылмыстық қудалау органдарымен қызметкерлердің жұмыс орындарын техникалық жарақтандыруды жəне байланыс жылдамдығын көтеру бағытында жұмыстар жандандырылып, жалғасуда.

Қазақстандағы құқық қорғау және сот жүйелерін жаңғырту мәселелері заң саласындағы отандық және шетелдік сарапшыларымен жоғары бағаланды.

Сарапшылардың айтуынша, жаңғырту шаралары қазақстандық құрылымдарды дамыған елдердің құқықтық жүйелеріне сәйкестендіреді.

Аталған жаңғырту жұмыстары қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Автор:
Алпамыс СУЛТАНКУЛОВ, Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасының аға прокуроры