Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Талдықорғанда салауатты өмір салтын қолдау онкүндігі өтті


19 июля 2021, 05:45 | 1 058 просмотров



«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбындағы онкүндік Талдықорған қаласындағы байланыс әскери бөлімінде өткізілді. Игі шараның басты мақсаты зиянды заттарды тұтыну фактілеріне, тамақтандыруды, медициналық және киім-кешекпен камтамасыз етуді ұйымдастыруда, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуына жол бермеу болып табылады.

Онкүндіктің бастапқы күндері жеке құрамның мінез-құлқын анықтау мақсатында психологиялық тесті және жеке сұхбат арқылы зерделеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарының міндеттерін уақытша атқарушы майор Айна Иманованың басшылығымен әскерилердің зиянды заттарды тұтыну фактілеріне жол бермеуі бойынша іс-шаралар легі өткізілді.

Нашақорлық, шылым шегу, ішімдікке салыну жүріс-тұрыс қауіп-қатер факторы болып табылады. Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктің артында жеке адам, отбасы тағдыры тұр.

Осы себепті шарада әскери қызметшілерге зиянды заттарды қолданып, нәтижесінде ол тұлғалардың қандай жағдайға тап болғаны сынды оқиғаларын мысалға келтіре отырып, арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

- Салауатты өмір салтын ұстанудың бірден-бір жолы ол спортпен шұғылдану. Бізді Отан қорғаушы деп бой түзеп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі болуымыз керек. Сондықтан зиянды заттардан аулақ болуына өз үлесімді қосып, салауатты өмір салтын қолдау керек деп ойлаймын, - деді бөлімнің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі ефрейтор Дастан Құрманғалиев.

Автор:
кіші сержант Еламан САЙЛАУОВ, Талдықорған гарнизоны баспасөз қызметінің сержанты