28 января 2011, 07:56 | 3 285 просмотров
2011 ЖЫЛҒЫ 20 ҚАҢТАРДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТТІҢ ҚОРЫТЫНДЫ АЛҚАСЫ БОЛЫП ӨТТІ. АЛҚАНЫҢ ЖҰМЫСЫНА КОМИТЕТТІҢ АУМАҚТЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ, МИНИСТРЛІКТЕ АККРЕДИТТЕЛГЕН БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ.
2010 ЖЫЛЫ КОМИТЕТ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН БАСҚАРУДЫ ЕНГІЗУ ШЕҢБЕРІНДЕ ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫЛАР ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ АККРЕДИТТЕУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРЫН АРЫ ҚАРАЙ ЖҮРГІЗДІ.
Құрамына әртүрлі мамандықтардың 300-ден аса аккредиттелген тәуелсіз сарапшылары, сондай-ақ 16 аккредиттелген кәсіби қауымдастықтар енгізілген мәліметтер банкі құрылды.
2010 жылы тәуелсіз сарапшылардың қатысумен 834 сараптама жүргізілді.
Еліміздің медициналық ұйымдарында медициналық қызметтер сапасын ішкі бас-қару қызметі (ішкі аудит) құрылды.
2010 жылы ішкі бақылау қызметімен көрсетілген медициналық көмектің сапасына қатысты 2206 өтініш қаралды.
2010 жылдың қорытындысы бойынша балалар өлімінің көрсеткіші 1,6%-ға төмендеді.
Балалар өлімінің көрсеткіші 2010 жылдың қорытындысы бойынша 1000 тірі туғанға шаққанда 16,7% құрады. Аналар өлімінің көрсеткіші республикада 23,1% құрады.
«СҚ-Фармация» ЖШС арқылы мемлекеттік денсаулық ұйымдары үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың бірыңғай дистрибуция жүйесін дамыту ары қарай жүргізілді. Сатып алынған дәрілік заттар жалпы тұтынатын көлемінің 70% құрады. Сонымен бірге, қазақстандық өндірушілерден сатып алу көлемі 749 746 мың тенгені, яғни барлық сатып алу сомасының 69% құрады.
Әлеуметтік осал және аз қамтылған халық топтарын қолдау мақсатында Денсаулық сақтау министрі және кәсіби фармацевтикалық қауымдастықтар арасында дәрілік заттардың 150 атауы бойынша бағасын тежеу бойынша меморандумға қол қойылды.
2010 жылы Комитет кәсіпкерлерді қолдау, әкімшілік кедергілерді төмендету мәселелері бойынша жұмысты ары қарай жалғастырды.
Тәуекелді бағалау жүйесін енгізу есебінен Комитет жоспарлы тексерудің 27,4 % қысқаруына қол жеткізді.
Комитет Кеден одағының дәрілік заттардың айналысы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базасын жасауына белсенді атсалысты.
2011 жылы Комитеттің қызметі дәрілік заттардың және медициналық қызмет көрсету қауiпсiздiгiн, сапасының тиiмдiлігін қамтамасыз ету, дәрілік заттар өндірісін тиісті практика стандарттарына сәйкестендіру, сыбайлас жем-қорлық құқық бұзулардың профилактикасы және олардың алдын алу, кәсіпкерлік субъектілерді дамыту үшін әкімшілік кедергілерді төмендету, рұқсат беру құжаттарды оңтайлаңдыру, кадрлар біліктілігін арттыру, біліктілік санаттарын беру, денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу бойынша функцияларды кезең-кезеңмен қоғамдық бірлестіктерге беру, Халыққа қызмет ету орталығы арқылы медициналық қызметті лицензиялау және тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу шараларын жүзеге асыруға бағытталатын болады.
ҚАРА БАЗАРДА ҚАПТАП КЕТКЕН «ДӘРІХАНАЛАРДЫ» КІМ НАЗАРЫНА
АЛАДЫ?
Бұл мәселенің бір жолы ғана бар. Енді соны тарқатып көрелік.Мысалы, қазіргі таңда елімізде 70-ке жуық кішігірім кәсіпорын және 5 акционерлік қоғам фармацевтикалық тауар шығарады. Бірақ, өзімізде шығарылатын дәрілердің өзі қымбат бағаға сатылады. Неге? Оған біріншіден, салық төлеу құны себеп болуда. Екіншіден, мамандар фармацевтика саласының мемлекеттің көмегінсіз дами алмайтынын алға тартады.
Десек те, бұрынғы Кеңес дәуіріне қарағанда елімізде өндірілетін дәрі-дәрмектер деңгейі 11 пайызға дейін көтеріліпті. Ол кезде Алматы, Шымкент, Павлодар қалаларында ғана шығарылып келген дәрілердің өнім мөлшері небәрі 3-4 пайызды құраған. Қазір отандық өндіріс 600-ге жуық дәрі-дәрмек түрін шығарады. Тұтас алғанда елімізде шығарыл-
ған өнім құны 1 миллиард АҚШ долларына тең. Көптеген мемлекеттер дәрі өнімінен көп пайда түсіреді. Мәселен, Малайзия 13 жылдың ішінде-ақ алғашқы ондыққа кірсе, Швейцария дәрі бизнесінен Қазақстанның ішкі өнімінен екі есе табыс көреді. Сол елдердің дәрілерін сатып алу үшін мемлекет жылына 550 миллион АҚШ долларын жұмсап отыр.
Бұрынғы «Фармацевтикалық өндіріс» туралы заң бойынша отандық өндіріс шетелден дәрі жасайтын жабдық әкелсе де, препаратқа қажет ұнтақ тасыса да, қосымша құн салығын төлейді. Шығарған өніміне тағы да салық салынады. Шетелдік тауар қосымша құн салығынан босатылған. Сондықтан шетелдік инвесторларға өндіріс ашқаннан гөрі, дайын өнімді әкелген тиімді болып отыр. Осы жерде тепе-теңдікті сақтау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңадан қабылданған «Салық Кодексіне» өзгертулер мен толықтырулар енгізді.
Салық қысқартылады және дәрі-дәрмекті тіркеу мәселесі жөнге қойылады. Енді жылдың басынан бастап ауруханаларға тегін кепілді медициналық көмек бойынша таратылатын дәрі-дәрмектерді «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры жүзеге асырады. Денсаулық сақтау министрлігі шетелден тасымалданатын дәрі-дәрмек бойынша тізім жасап, аймақтардағы фармацевтикалық қоймалардың дайындығын тексереді. Ал, бұған дейін кепілді дәрі-дәрмекті ауруханаларға қымбат бағамен сатып келген жеке кәсіпорындар тасымалдау қызметінен тыс қалады.
Қалдыбай ПІРӘЛИЕВ, академик, химия ғылымдарының докторы:
– Дәрі-дәрмек саласында отандық өндірісшілердің үлес салмағын көбейту үшін, әсіресе, химиялық синтездеу жолымен алынатын дәрілердің санын арттыруымыз қажет. Ол үшін басты қолға алатын іс - мұнай-химиясы өндірісін дамыту. Химиялық жолмен синтездеу арқылы алынатын дәрі-дәрмектердің ең негізгі шикізаты ретінде мұнай химиясынан алынатын заттар болып есептеледі. Сондықтан елімізде осы салаға аса мән беруіміз керек. Ұлттық инновациялық қор да осы салаға көп көңіл аударғаны жөн деп есептеймін. Елімізде дәрілік шөптердің мол өсетіні өз алдына бөлек әңгіме.
Қазіргі кезде жыл сайын 700 миллион долларға шетелден дәрі-дәрмек сатып алып отыр екенбіз. Біз бұл әрекетімізбен өзіміздің емес, шетелдік өндірісті дамытуға үлес қосып отырмыз. Неге қолдан келетін осы істі өзіміз атқармасқа?!
Келесбек АБДУЛЛИН, фармацевт, профессор:
– Дәрі-дәрмек өндіру оңай шаруа емес. Арнайы білімді, аса жоғары технологияны қажет ететін сала, оған тек фармацевтер ғана емес, химиктер, биологтар, ботаниктер, дәрігерлер ат салысуы керек. Сондай-ақ ол біраз уақытты қажет етеді. Дүние жүзі бойынша жалпы дәрі-дәрмектің атауы 200 мыңнан асып кетеді. Ал бізде шығарылатын дәрі-дәрмектердің атаулары емес, түрлерінің өзі бар-жоғы 600-ге жуықтайды. Осы тұста айта кететін бір мәселе, мемлекеттің бұл салаға көп қаржы бөлуінің қажеті жоқ. Тек заң мен салық мәселесі дұрыс шешіл-
се болғаны.