Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мәжілісмендер іс-сапармен Кеген ауданында болды


15 июля 2021, 12:10 | 1 698 просмотров



14 шілде күні  Парламент Мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжан, Жанна Телпекбаева, Мәди Ахметпен және облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев Кеген ауданына іс-сапармен келді, - деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

 Іс-сапардың басы  Ереуілтөбе ауылындағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісінде құрбан болған ата – бабаларымыздың  рухына арнайы орнатылған ескеркішке гүл шоқтарын қоюдан бастап, ескерткіш маңына қойылған шағын музеймен танысты.

Сонымен қатар, аудан тұрғындарының ұсынысы бойынша халық қалаулылары Қарқара ауылындағы шабындық, жайылымдық жерлерге арнайы барып, айтылған мәселелердің шешілуіне ықпал ететіндерін жеткізді.

Одан кейін Кеген ауылында салынып жатқан 36 тұрғын үйдің құрылысымен таныстық. Бүгінгі таңда тұрғын үйдің керегесін қалау, іргетасын құю жұмыстары басталған.

Шараның жалғасы халық қалаулылары аудандық мәдениет үйінде мәдениет саласы және БАҚ өкілдерімен пікір алмасу мақсатында  еркін  форматта кездесу өткізіп, сұрақ-жауаппен алмасты.

Іс-сапар кезінде халық қалаулылары аудандық партия филиалының  партиялық бақылау комиссиясының отырысына қатысып, аудан бойынша сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы туралы тиісті мекеме басшыларының есебі тыңдалып, қажетті қаулы қабылданды.

 Іс-сапар соңы мәжілісмендердің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау жүргізуімен аяқталды. Қоғамдық қабылдауға жазылған 3 адамның сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдап заң аясында шешілетініне уәде берді.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі