Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ел байлығы - тіл


9 июля 2021, 07:52 | 1 221 просмотр



Тіл – қай ұлтта, қай елде елде болса қастерлі, құдретті. Ол әрбір адамға анна сүтімен бірге еніп, қалытасады. Тіл байлығы – әрбір елдің, ұлттың мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға,оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі-ең басты байлығымыз. Менің ана тілім-қазақ тілі. Қазақ тілі-мемлекеттік тіл.

Ана тілі-халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі, - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек.Әлемдегі мүйізі қарағадай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ.
Ана тілінің қадір - қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл - халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін-ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз - қазақ тілі.
Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл - еліміздің іргетасы. Ұлттың қуаты тілінде. Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл-өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тіл - асыл ойдың бұлағы. Тіл-құдірет. Тіл-тәуелсіздік тұғыры.
Тіл - ұлттың жан дүниесі. Расында, қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұламаттың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқын халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы - ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана.
Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей , ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.
Бүгінгі қазақ тілінің тағдыр мен болашағы Елбасын аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар, Елбасының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі-бәріміздің анамыз, өйткені ол - ұлтымыздың анасы »деген сөзі бар. Ал кейінгі 2005 жылғы Жолдауында айтылған {Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі-еліміздің мемлекеттік тілін,барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек} деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр.
Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз - осы. Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен .
Қазақ тілінің жанашыры болған сатирик ақын Шона Смаханұлының бір шумақ өлеңінде осындай жағдайды сипаттайды:
Қазіргінің баласы,
Көп білем деп көкиді.
- Әкесінің жазғанын - Әкесінің айтқанын, Құлағына ілмейді...
«Ұлттың тілі – ұлттың ділі» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы – ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтыны тарихта белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қызығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті. Ата - бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып,сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл – ана тіліміздің қадір – қасиетін арттыра түсіре даусыз.

 

Автор:
Майгүл Сатымбай,Еңбекшіқазақ ауданы.