Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Судағы қауіпсіздік!


9 июля 2021, 07:51 | 1 186 просмотров



Жазатайым оқиғалар ол- қайғылы өрттер, автокатострофалар мен уланулар және судағы оқиғалар – дейді мамандар. Биіктіктен құлау, ауадағы апат байқалмайды. Ал суға батып бара жатқан адам тіпті көмекке айқайлап үлгермейді.

Суға шомылу маусымының басталуы-суда құтқару қызметінің жұмысындағы ең қауіпті сәттердің бірі. Жаздың ыстық күндерінде адамдар суға щомылуға асығады. Өкінішке орай, олардың барлығы қарапайым қауіпсіздік ережелерімен таныс емес.
2020 жылы суға шомылу кезеңінде Еңбекшіқазақ ауданында су айдындарында 2 кәмелетке толмаған бала суға кеткен (ата-анасының қарауынсыз балалардың тоған, бассейнде қалуы). 2021 жылы 1- оқиға орын алып отыр.
Қарапайым ережелерді сақтаңыз:
- егер шомыла алмасаңыз суға бармаңыз
- мас күйінде және көп ішкеннен кейін шомылмаңыз
- таныс емес жерлерде шомылмаңыз
- өзін-өзі бақылау туралы ұмытпаңыз
- суық суда ұзақ болмаңыз
- түнгі уақытта шомылмаңыз
-балаларды қадағалаусыз қалдырмау, балалардың қырағылығын сақтау, оларды қауіпсіздік ережелеріне үйрету.
Суға шомылу кезеңінің басынан бастап ТЖБ қызметкерлері ЖПҚ және ЖАО-мен бірлесіп демалыс орындарына (өзен, каналдар) профилактикалық рейдтер жүргізеді.
ТЖБ ТЕК АРНАЙЫ ЖАБДЫҚТАЛҒАН ОРЫНДАРДА ЖӘНЕ ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ НЕМЕСЕ ЕРЕСЕКТЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫМЕН ШОМЫЛУҒА БОЛАТЫНЫН ЕСКЕРТЕДІ!

 

Автор:
Е.Есжанов,Еңбекшіқазақ ауданының ТЖБ бас маманы