Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ұлт қазынасы асқақтады


9 июля 2021, 07:44 | 1 274 просмотра



Ұлттық домбыра күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Есік қаласында 30 домбырашының қатысуымен флешмоб өтті. Өнерпаздар айтулы мерекенің құрметіне танымал әуендерді төгілтті.

Шара барысында Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев жиналған жұртшылықты ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен әрі ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Аудан басшысы сондай-ақ, жас өнерпазға домбыра тарту етіп, патриоттық әндер байқауының жеңімпаздарына алғыс хат табыстады. Айта кетейік, 2018 жылы Елбасының шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланды. Содан бері Қазақстан халқы атаулы датаны 4-ші рет тойлап келеді.

 

Автор:
ЖД Ақпарат