Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Еңбекшіқазақ аймағындағы ауыл әкімдерін сайлау 10 округте өтеді


9 июля 2021, 07:40 | 1 186 просмотров



Биыл ел тарихындағы маңызды саяси науқан - халық ауылдық округтер мен қала әкімдерін сайлайтын болады. Осылайша жергілікті тұрғындардың өз әкімін өздері сайлауы Қазақстанның саяси өміріндегі айтулы жаңалық.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың сайлау заңнамасына енгізілген түзетулерге қол қойғандығы мәлім. Соған сәйкес енді аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдері тікелей сайлау арқылы сайланады. Бұл науқан биылғы жылдың 25 шілдесінде өтеді. Сайлауға байланысты жұмыстар Алматы облысында қолға алынды. Ал сайлау өңіріміздің 71 округінде өтеді. Атап айтар болсақ, Ақсу ауданы бойынша 9 әкім, Алакөл – 8, Балқаш - 6, Еңбекшіқазақ – 10, Ескелді – 1, Жамбыл – 2, Іле – 1, Қарасай – 1, Қаратал – 2, Кеген – 5, Кербұлақ – 4, Көксу - 4, Панфилов - 4, Сарқан - 3, Талғар-4, Ұйғыр-6, Текелі қаласы-1 сайланатын болады. Айта кетейік, Райымбек ауданында, Талдықорған және Қапшағай қалаларында бос округтердің болмауына байланысты ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өткізілмейді.
Саяси науқанға 230 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарлануда. Облыс бойынша, барлығы 17 аумақтық және 198 учаскелік сайлау комиссиялары және 1451 сайлау комиссияларының мүшелері жұмылдырылды. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну 9 шілдеге дейін аяқталады. Ал үміткерлерді тіркеу 14 шілде күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады.
Әкімдерді сайлау жұмыстарына дайындық аймағымыздың әрбір ауданында жүргізілуде. Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданында 2020 жылдың 1 мамырына таңдаушылар саны 25 депутатты құрады. 2021 жылғы 17 мамырға тағайындалған Жаңашар ауылдық округінің әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың барлығы жоспарға сай, барлық талаптарға сай өткізілді.
Оның қортындысы бойынша Жаңашар ауылдық округінің әкімдігіне барлығы 3 үміткер ұсынылды. Олар, Салават Казиев Бейсенбекұлы – Ават ауылдық округі әкімінің орынбасары, тіркелген мекен-жайы: Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Рысқұлов көшесі, 45 үй,
Жан Бауржанұлы Кураметов – Жаңащар ауылдық округінің әкімі, тіркелген мекен-жайы: Есік қаласы, Астана көшесі, 52 және де
Бесембай Бекетұлы Сатыбалдиев – Еңбекшіқазақ ауданының құрылыс бөлімі басшысының орынбасары, тіркелген мекен-жайы: Еңбекшіқазақ ауданы, Алға ауылы, Нурпейіс көшесі, 52. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы барлық кандидаттардың Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігін тексерді.
29 сәуірде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, кандидаттармен тіркеу үшін барлық қажетті құжаттар (кандидаттарды ұсыну туралы аудан әкімінің ұсынысы, дауысқа түсуге келісім беру туралы өтініштер, кандидаттардың өмірбаяндық деректері, кандидат пен оның жұбайларының табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалар) ұсынылғанына байланысты, есімдері жоғарыда аталған үміткерлер тіркелді. Олардың тіркелуі туралы ақпарат аудандық БАҚ-та жарияланды, аудан әкімдігінің сайтында орналастырылды. Екінші мамырдан бастап тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін кандидаттар сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын жүргізді.

Автор:
ЖД Ақпарат