Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Ashyq» жобасымен 37 нысан жұмыс істейді


9 июля 2021, 07:16 | 1 099 просмотров



Қаратал ауданы бойынша бүгінде 37 нысан өз жұмысын жаңа цифрлық форматқа көшіріп, «ASHYQ» жобасымен жұмыс істеуде. Аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Фархат Құсайыновтың айтуынша, «ASHYQ» жобасы бүгінгідей індеттің етек алып тұрған кезінде мекемеге келушілер мен мекеме қызметкерлерінің жеке бас қауіпсіздігі сенімді болу үшін өте қажет дүние екен.

«ASHYQ» жоба COVID-19 індетінің таралу қаупін азайтуға және келушілер мен қызметкерлерді қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ бизнес объектісіне шектеу шараларына қарамастан, тіпті локдаун жағдайында да жұмыс істеуге мүмкіндік беретіні айқын.
Аталмыш жоба QR-код және ПТР дерекқорымен интеграциялану есебінен келушінің мәртебесін анықтайды. Нысанға келуші вирустың тасымалдаушысы болып табыла ма әлде тасымалдаушы емес пе, соны анықтауға мүмкіндік береді. Кіре берісте келген адамның мәртебесін анықтау үшін QR кодты сканерлейді және түсіне байланысты, келушінің мәртебесін белгілейді.
Ескеретін бір жайт, Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сай 26 сәуірден бастап облысымыздың аудандары мен қалаларынның аумағындағы кәсіпкерлік нысандарын «ASHYQ» жобасымен жұмыс істеуге қосыла басталды. Ал статустарға тоқталсақ, жасыл статус жүріп-тұруда шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже шыққан пайдаланушы болып шығады. Көк статус – ПТР-тестілеудің нәтижесі жоқ, ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдар есебінде жоқ дегенді білдірсе, сары статус – деректер базасында байланыста болғандар есебінде тұрған адам деген ақпарды көрсетеді. Ал, қызыл статус – жүріп-тұрудың шектелгенін, Covid-19-ке оң нәтиже шыққанын, үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауды білдіреді.
«ASHYQ» жобасымен ауданда жұмыс істейтін нысандар:
1. «Лад» кафесі теміржол айлағында орналасқан
2. «Лад» кафесі Рысқұлов көшесінде орналасқан
3. «Ақжол» кафесі
4. «Достар» бильярд клубы
5. «Дияр» саунасы
6. «Бәйтерек» мейрамханасы
7. «Дияр» кафесі
8. «Достар» мейрамханасы
9. «Қаратал» кафесі
10. «JetisyGrant» мейрамханасы
11. «Дублин» кафесі
12. «ЖетысуЭнерготрейд» ЖШС Қаратал ауданы ЭҚӨ бөлімі
13. «VIP» кафесі
14. «Бакыт и К» мейрамханасы
15. «Сабина» Басcейні
16. «ВЧ -30131» Жаңаталап ауылындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімі
17. ҚР ДСМ Қаратал аудандық Санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы Республикалық мемлекеттік мекемесі»
18. «Эльдар» жазғы алаңы
19. «Инкогнито» мейрамханасы
20. «Қаратал ауданы әкімідігінің аппараты»
21. «Балпык ауылдық округі әкімі аппараты»
22. «Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімі аппараты»
23. «Елтай ауылдық округі әкімі аппараты»
24. «Ескелді ауылдық округіәкімі аппараты»
25. «Бастөбе ауылдық округіәкімі аппараты»
26. «Айтуби ауылдық округі әкімі аппараты»
27. «Қызыл балык ауылдық округ әкімі аппараты»
28. «Тастөбе ауылдық округіәкімі аппараты»
29. «Бәйшегір ауылдық округі әкімі аппараты»
30. «Үштөбе қаласы әкімі аппараты»
31. «Бастөбе Сервистік Техникалық Колледжі»
32. «Қамқор»ЖШС
33. «Қаратал таза су» МКК
34. «Қаратал ауданының Төтенше Жағдайлар бөлімі» РММ
35. «Арна» кафесі
36. Хқо»Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттіккорпорациясы» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы
37. «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ»АҚ филиалы -»Алматытелеком» -өңірлік телекоммуникация дирекциясы

Автор:
М.Мақсым.