Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Эльбрус шеңбері» сайысына баратын команда «Нұрсұлтан» шыңын бағындырды


9 июля 2021, 06:59 | 1 477 просмотров



Тау дайындығының жауынгерлері Іле Алатауының әйгілі «Нұрсұлтан» шыңына арнайы сапар ұйымдастырды. Бұл Елорда және Десанттық-шабуылдау әскерлерінің күніне арналды.

Оның бір ерекшелігі – көзге бірден оқшауланып көрінетін айрықша асқақ шың. «Нұрсұлтан» шыңы – солтүстігінде Қарлытау, шығысында Аристов шыңымен ұласады. 1997 жылы Тұңғыш Президенттің туған күніне орай «Комсомол» шыңын – «Нұрсұлтан»  шыңы деп атауды ұсынды.

- Қазіргі таңда жауынгерлер Ресей Федерациясында өтетін «Эльбрус шеңбері-2021» Армия халықаралық ойындарына дайындық үстінде. Бұл ретте Тараз, Құлан, Талдықорған, Жаркент гарнизондарынан келген 20 әскери қызметші Елорда және Десанттық-шабуылдау әскерлерінің күні, сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында 4376 метр биіктіктегі «Нұрсұлтан» шыңына шықты. Бұл біздің осымен оныншы рет шығуымыз, - деді бөлім командирінің орынбасары подполковник Аманжол Рахметов.

Айта кету керек, жауынгерлер тамыз айында Ресей Федерациясында өтетін «Эльбрус шеңбері» халықаралық сайысына дайындықтарын Алматы қаласындағы әскери бөлімнің жаттығу кешені мен Іле жағалауындағы «Таңбалы тас», «Іле  Алатау» асулары мен шыңдарында жалғастыруда.

Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан «Эльбрус шеңбері» халықаралық сайысына қатысатын әскерилерге сәттілік тілеп, жеңіспен оралады деп сенеміз.

Автор:
майор Жанат СЕМБАЕВ, Талдықорған гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы