Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қуантсаң – баланы қуант


9 июля 2021, 06:56 | 1 416 просмотров



Талдықорған гарнизонындағы десанттық-шабуылдау әскерлерінің барлаушылары Елорда және Десанттық-шабуылдау әскерлері күні қарсаңында балаларға сыйлық жасады.

Бұл жолы десантшылар Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне спорттық ойындарға қажетті заттарын алып берді. Әскерилердің жасаған сыйлықтарына балалар қуанып, риза болды.

- «Айналайын» балалар үйінің басшылығы балаларды елеп-ескеріп келген әскерилерге үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Баланың қуанғанына ештеңе жетпейді. Сондықтанда «қуантсаң - баланы қуант» деген сөз тегін айтылмаса керек, - деді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мөлдір Жанайбекова.

«Қайырымдылық  – асыл қасиет» демекші балаға жасалған игі іс ешқашан артық болмайды. Десантшылардың осындай тағылымды істері алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі