Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Мәжіліс депутаттары өңір басшысымен кездесті


9 июля 2021, 06:52 | 1 271 просмотр



7 шілде күні ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары Алматы облысына іс-сапармен келіп, алғаш кездесулерін облыс әкімі Амандық Баталовпен кездесуден бастады, - деп хабарлайды облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Кездесуде халық қалаулылары Ж.Әшімжан, А.Құспан, Ж.Телпекбаева, Ә.Абсеметова, М.Тажмағамбетова, сонымен қатар облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев, облыс әкімі аппаратымен партия филиалының басшылығы қатысты.

Облыс әкімі А.Баталов өз сөзінде қазіргі таңдағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндап өтіп, алдағы атқарылатын жоспарларымен бөлісті.

Кездесу барысында халық қалаулылары облыс көлеміндегі бірқатар мәселелерді көтеріп, өңір басшысы тарапынан сұрақтар назарға алынды.

Жалпы Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары 7-16 шілде аралығында аудан-қалаларды араламақ, оның ішінде қоғамдық қабылдаулар, әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы, ұжымдық мекелермен кездесу сынды шаралар жоспарланған.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі