Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Дін істері саласындағы жұмыстар облыстық мәслихат алаңында қаралды


9 июля 2021, 06:43 | 1 259 просмотров



8 шілде күні Алматы  облыстық мәслихатының дін, тіл, этносаралық қатынастар, ішкі және жастар саясаты мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы отырысы өтті, - деп хабарлайды облыстық мәслихатттың баспасөз қызметі.

Отырыс облыстық мәслихат депутаты Самал Қабышеваның төрағалығымен өтіп, күн тәртібінде халықты интернет-кеңістігі арқылы терроризм, діни экстремизм, деструктивті діни ағымдар идеологиясына арту жағдайларын азайту бойынша шаралар қаралып, облыстық дін істер басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Бауыржан Амангелдіұлы Ниет есебін берді.

Бауыржан Ниет өз сөзінде «Алматы облысы дін істері басқармасы тарапынан халықты Интернет-кеңістігі арқылы терроризм, діни экстремизм, деструктивті діни ағымдар идеологиясына тарту жағдайларын азайту мақсатындағы жұмыс негізгі 3 бағыт бойынша жүргізілуде.Олар бірінші бағыт, әлеуметтік желідегі парақшалар мен «YouTube» каналында қарсы насихат, ақпараттық түсіндіру жұмыстары, екінші бағыт, Интернет кеңістігіндегі деструктивті сипаттағы контент қолданушыларымен жұмыс, үшінші бағыт, «Киберқадағалау» жүйесі арқылы заңға қайшы, деструктивті сипаты бар контенттерді бұғаттау» деп атап өтті.

Сонымен қатар Бауыржан Амангелдіұлы «Киберқадағалау» жүйесіне сілтеме жүктеу қарқыны бойынша  Алматы облысы Республикалық  басқарма ішінен жақсы көрсеткішке қол жеткізген үздіктер қатарына еніп тұрғандығын жеткізді.

Сонымен қатар, жиын барысында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ж.Сапарғалиев басқарма тарапынан күн тәртібіндегі мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ақпараттандырып өтті.

Депутаттар тарапынан есеп берген басқарма басшылығына бірқатар сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Қаралған ұсыныстар бойынша дін істері басқармасы тарапынан қаралып, тиісті органдармен бірлесе жұмыстар жүргізілетіін атап өтті. Отырыс соңында қаралған сұрақ бойынша тиісті шешім қабылданды.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі