Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскери бөлімнің мерейтойы


7 июля 2021, 07:22 | 1 601 просмотр



Үштөбе гарнизонындағы Әуе қорғанысы күштерінің 55078 әскери бөлімнің құрылғанына 80 жыл толуына байланысты салтанатты іс-шара өтті. Оған Қарулы Күштерінің ардагерлері және әскери бөлімдердің командирлері шақырылды.  
55078 әскери бөлімі 1941 жылдың 3 шілдесінде Кеңес Одағы Қарулы Күштері 73-ші әуе армиясына бағынысты әуе күштерінің авиациялық оқ-дәрі қоймасының штабы ретінде құрылды.
Мерекелік салтанатты жиында әскери бөлімнің командирі полковник Серік Есқалиев баяндама жасап, әскери қызметшілерге мерекелік төс белгі мен алғыс хаттар тапсырды. Салтанатты шарада облыстық Қарулы Күштері ардагерлері Рахым Қырғабақов, Сейітжан Мендекеев, Вячеслав Руденко, Серік Айғазин, Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры әділет майоры Әділет Бақаев құттықтап жылы лебіздерін, игі тілектерін жеткізді.
Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов жолдаған хатында жеке құрамды әскери бөлімнің құрылғанының 80 жыл толу мерекесімен құттықтап, адал еңбектері, жоғары кәсібиліктері, әскери міндеттерін абыроймен атқарып жүргендері үшін шын жүректен алғысын жеткізді.
- Бөлімнің әскери қызметкерлерінің жасап отырған еңбектерінің арқасында әскери бөлім жоғары нәтижелерге жетіп, жетістіктерімен ерекшеленіп келеді. Әскери бөлімнің дамып-көркейуі жеке құрамның аянбай жасаған еңбектерінің жемісі екені сөзсіз. Бұл жетістіктеріміз бізді рухтандырып, Тәуелсіз Қазақстанды одан әрі дамытуға шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктерге жетелейді, - деді әскери бөлім командирі полковник Серік Есқалиев.  
Айта кетсек, 2007 жылы әскери қызмет барысында асқан ерлік жасап, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолынан «Халық Қаһарманы» және Алматы облысы әкімінен Алматы облысының «Құрметті азаматы» атағын алған подполковник Азамат Жұмаділов осы әскери бөлімде қызмет атқарған.
Салтанатты шара соңы аудандық көркемөнерпаздардың мерекелік концертімен жалғасты.

Автор:
майор Жанат СЕМБАЕВ, Талдықорған гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы