Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысында көлік қағып, жас әйел қаза тапты


3 июля 2021, 07:36 | 1 376 просмотров



Түнде Құлжа тас жолының бойында, Еңбекші ауылының тұсында 30 жастағы әйелді көлік қағып, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ескі Mercedes ескі Honda CR-V көлігін сүйреп келе жатқанда жолға жүргінші жүгіріп шығыпты.

Mercedes жүргізушісі кілт бұрылып үлгергенімен, жүргіншіні көрмеген арттағы Honda қызды қақты.

Қатты соққыдан жүргінші 20 метрдей жерге ұшып түсіп, алған жарақатынан жан тапсырған екен. Соған қарағанда, бірін-бірі сүйреген екі көліктің жылдамдығы өте жоғары болғанға ұқсайды. Оқиғаның мән-жайын тергеушілер анықтауда.

Автор:
Zakon.kz