Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау басты мақсат


28 июня 2021, 09:52 | 1 643 просмотра



Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтауға және қауіпсіздік техникасы мен гигиена талаптарына сай келетін қызмет жағдайларына құқығы бар.

Ең бастысы әскери қызметші салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға, әскери қызмет қауіпсіздігінің талаптарын, сырқаттанудың, уланудың және жарақаттанудың алдын-алу шараларын сақтауға, дене даярлығын күнделікті арттыруға, дене шынықтыруды және жаттығуды жүзеге асыру тиіс.

Сонымен қатар әрбір әскери қызметші өзінің денсаулығы мен айналасындағы адамдардың денсаулығы туралы қамқорлық көрсетуге, медицина қызметкерлерінен сырқатын жасырмауға, жеке және қоғамдық гигиена қағидаларын қатаң сақтауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға тиіс.

Өз-кезегінде, әскери прокуратура әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға командирлердің қызметі мен тұрмыс жағдайларын сауықтыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуін, әскери бөлімдерде санитариялық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және емдеу-алдын алу іс-шараларын жүзеге асыруын тексереді.

Әскери қызметшілердің денсаулық жағдайын медициналық бақылау күн сайын жауынгерлік даярлық үдерісінде және тұрмыста жеке құрамды медициналық қадағалау, медициналық тексеру, тереңдетілген және бақылау медициналық тексерулер және денсаулық жағдайына диспансерлік қарқынды қадағалау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, аптасына бір рет әскери бөлім командирі белгілеген уақытта бөлімшенің мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің денесін қарап тексеруді жүргізеді. Аталған тексеріске әскери прокуратура және әскери полиция қызметкерлері де қатысады.

Одан бөлек, тереңдетілген медициналық тексеру мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері үшін – жылына екі рет және келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін – төртінші тоқсанда жүргізіледі; екінші тоқсанда бақылау медициналық тексеру жүргізіледі.

Әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерде медициналық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен, сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің шеңберінде жүзеге асырылады.

әскери бөлімнің медициналық қызметінің басшысы – медициналық қамтамасыз етуді жоспарлауды ұйымдастыруға, жеке құрамды медициналық тексеруден өткізуге, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған басқа да шараларды өткізуге міндетті. 

Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы әскери қызметшілердің денсаулығын сақтауға және қауіпсіздік техникасы мен гигиена талаптарына сай келетін қызмет жағдайларына, олармен қызметтік міндеттерін орындаған кезде өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның өтеу құқығының сақталуына тұрақты түрде қадағалауды жүзеге асырады.

Автор:
Нұрсұлтан АЛТЫНБЕКОВ, Талдықорған гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры