Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Құрметті бұқаралық ақпарат сала өкілдері!


28 июня 2021, 07:44 | 2 041 просмотр



Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын.

Бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Ақпарат саласының дамыған заманында - интернет байланысы, баспасөз басылымдары халықты қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етіп отыр.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдары ықпал етудің мықты тетігі болып табылатындығын талай мәрте ерекше атап көрсеткен.

Сіздерді төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтай отырып,  дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкелсін. Табысты да жемісті еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолында жаңа биіктерден көріне беріңіздер!

Автор:
Құрметпен, Жанболат Жөргенбаев, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы