Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Облыстық мәслихатының кезектен тыс VI сессиясы


28 июня 2021, 07:33 | 1 665 просмотров



Ағымдағы жылдың 23 маусымында Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс VI сессиясы (онлайн режимінде) өтті. Сессия отырысына облыстық мәслихат депутаты Бағдаулет Үстенов төрағалық етіп, облыстық мәслихат хатшысы Ж.Жөргенбаев, облыс әкімінің орынбасары А.Дандыбаев, депутаттар, облыстық басқарма басшылары, аудан-қалалық мәслихат хатшылары қатысты, - деп хабарлайды, облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:

  1. Алматы облысының туризм инфрақұрылымының дамуы туралы.
  2. Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы.
  3. Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылдық округі Қайрат ауылының әкімшілік бағыныстылығын өзгерту туралы
  4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау және осыған дейін қабылданған міндеттемелерге өзгерістер енгізу туралы

5.Алматы облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы.

  1. 6. Алматы облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы.

Жоғарыдағы көрсетілген күн тәртібіндегі мәселелерді 22 маусым күнгі өткен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында қарап, сессияның бекітуіне жіберілген болатын.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі