Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тұрғын-үй саласындағы реформалардың іске асуы мәслихат отырысында қаралды


28 июня 2021, 07:26 | 1 869 просмотров



22 маусым күні Алматы облыстық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері бойынша тұрақты комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде халық қалаулылары Алматы облысында «Мүліктің меншік иелері бірлестігін немесе жай серіктестік» институтын енгізу жөніндегі реформаны жүзеге асыру мәселесі қарастырды.

Назарларыңызға сала кетсек, 2020 жылғы 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, онда көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару және ұстау мәселелері реттелген және «бір көппәтерлі тұрғын үй – бір бірлестік – бір шот» жаңа қағидасы енгізіледі. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 143-тармағымен мүлік иелерінің бірлестіктері институтын енгізу бойынша реформаны іске асыру көзделген. Орындалу мерзімі – 2021 жылдың желтоқсан айы.

Осы аталған реформаның жетісу өңірінде іске асырылуы барысы жайында облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Б.Танекенов комиссия мүшелері алдында есебін беріп, қазіргі таңдағы ахуал жайлы ақпараттандырып өтті.

Бағлан Сағындықұлы өз сөзінде «Бүгінгі уақытта көппәтерлі тұрғын үйлердің кеңестерін сайлау және кондоминиум объектілерін басқару нысандарын таңдау үшін пәтер иелерінің 1082 жазбаша сауалнамалары мен 1013 жиналыстары өткізіліп, тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына қатысты ақпарат жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 22 мақала, ресми сайттар мен әлеуметтік желілерде 2200 жазба жарияланды» деп атап өтті.

Сонымен қатар басқарма басшысы өз сөзінде көпқабатты тұрғын үйлердің статистикалық мәліметімен олардың қазіргі таңда жаңа реформаға сәйкес қаншауыі тіркеуден өткені жайлы ақпараттандырып өтті. «Облыс бойынша 3581 көп қабатты тұрғын үйдің 2698 Әділет органдарында Кондоминиум объектілері ретінде тіркелген, 883 тұрғын үйді тіркеу үшін 2021 жылға арналған кондоминиум объектілерін тіркеу бойынша негізгі көрсеткіштердің кестесі бекітіліп, жылдың соңына дейін тіркеуден өткізу жоспарлануда. Бүгінгі күнге облыс бойынша барлығы 61 мүлік иелері бірлестігі және 895 жай серіктестік құрылды» - деп Бағлан Танекенов мәлімет берді. Жалпы осы уақытқа дейін мәслихат депутаттарының бастамасымен жұмыс тобы құрылып, көпқабатты нысандар бар аудан-қалаларда пәтер иелері кооперативтерімен ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сала мамандарымен сұрақтарына жауаптарын берген болатын. Бұл реформаның іске асуы халық қалаулыларының назарында болмақ және 4-ші тоқсанның басында тұрақты комиссия отырысында қайта қаралу жоспарланған.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі