Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскери полиция атыс дайындығын өткізді


24 июня 2021, 10:33 | 1 986 просмотров



Талдықорған гарнизонында Әскери полиция бөлімінің жеке құрамы атыс даярлығын өткізді.

Атыс жаттығуын орындамас бұрын барлық жеке құрам қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып, жеке-жеке атыс кезіндегі міндеттер сұралды.

Қарумен оқ ату даярлығына жеке құрамның жоғары моральдық психологиялық дайындықпен келгендері байқалды.

- Бүгінгі атыс жаттығуының нәтижесінде жеке құрам жоғары ұпай жинап, жақсы бағалар алды. Бұл жаттығуларды орындау әскери қызметшілердің өз тәжірбиелерін жақсартуға кезекті мүмкіндік берді, - дейді Талдықорған гарнизоны Әскери полиция бөлімінің бастығы подполковник Ерлан Оспанов.

Әскери полиция құқық бұзушылықтың алдын алу, әскери техниканы алып жүру, гарнизондарда патрульдік қызмет атқару, жаттығу кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмысты ашу және оның жолын кесу, әскери қызметшілерді іздестіру сияқты маңызды міндеттерді атқарып келеді.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі