2021 жылдың 23 маусымында Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс VI сессиясы (онлайн режимінде) өткізіледі
Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралады:
- Алматы облысының туризм инфрақұрылымының дамуы туралы.
- Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы.
- Алматы облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы.
- Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылдық округі Қайрат ауылының әкімшілік бағыныстылығын өзгерту туралы.
5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау және осыған дейін қабылданған міндеттемелерге өзгерістер енгізу туралы.