Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысы бойынша 1 тоқсанында медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу жұмыстарының қорытындысы


16 июня 2021, 09:46 | 1 515 просмотров



Алматы облысында тіркелген халық саны - 2 100 382 тұрғын, оның ішінде 739 335 балалар. Барлығы – 82 денсаулық сақтау субьектісі бар, оның ішінде:

32 медициналық ұйым стационарлық көмек көрсетсе, 43 - і  стационарды алмастыратын көмек; 38-  ауыл  тұрғындарына арнайы медициналық көмекті стационарлық және стационаралмастыратын жағдайда көрсетеді; 51 медициналық мекеме реабилитациялық және қалпына келтіру қызметін жүзеге асыруда.Жаңадан келісім шартқа отырған медициналық ұйым саны -10. Олар: ШЖҚ «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы»МКК, ЖШС «Алтын-Фарма», ЖШС Центр семейной медицины Нурадина Досжанова, ЖШС "Talgar Clinic", ЖШС«Ғылыми тәжірибелік  медициналық орталық», ЖШС «Жана Жарык Глазная клиника доктора Кравцова», ЖШС «Офтальмологическая клиника «Көзқарас-Алматы», ЖШС "SPORT MEDICINE AND REHABILITATION CENTER "PRO SPORT", РГУ «Военный лазарет п. Сарыозек», ЖШС «NONA INVEST».

Облыс аумағындағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты,ШЖҚ «Алакөл ОАА»МКК,  ЖШС Центр семейной медицины Нурадина Досжанова, ЖШС "Talgar Clinic" медициналық ұйымдарына мониторинг қашықтықтан жасалды. 

2021 жылдың қаңтар айынан бастап жеткізушілер тарапынан медициналық қызмет көрсетудегі бұзушылықтардың алдын алу үшін Қор проактивті мониторинг енгізді. Проактивті мониторинг барысында ақаулықты анықтаған кезде, жеткізуші 45 күн ішінде қателерді жоюы керек еді. Бұл жаңалық медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және жеткізушілермен сенімді қарым – қатынас жасауға көмектеседі.

 «2021 жылдың 1 тоқсанында Алматы облысы бойынша проактивті мониторингпен 17 медициналық ұйым қамтылды.

Проактивті мониторинг қорытындысы бойынша келісімшарт талаптарының бұзылуы 16 медициналық ұйымда тіркеліп, 2825 әлеуетті ақау анықталды. Бірінші рет енгізілген бұл тәжірибе - медициналық ұйымдар жағдайды түзетуге және одан әрі ақауларға жол бермеуге мүдделі екенін көрсетті, ақауларды жасырудың  «үйреншікті» практикасы еңсерілді, ол ақауларды талдауға, себептерін анықтауға және жағдайды жоспарлы түрде түзетуге мүмкіндік берді»-деп атап көрсетті медициналық қызметтер сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу бөлімінің жетекшісі Шаймерден Самат Талғатұлы.

Автор:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы