Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ақ жол саған, жас түлек!


14 июня 2021, 08:52 | 1 692 просмотра



Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 67 түлегі бүгін білім туралы куәліктерін алды.

Бұл күн олар үшін көптен күткен оқиға, өйткені кешегі мектеп оқушылары 12 жылдық оқуды сәтті аяқтап, үлкен өмірге қанат қағуға ниетті.

Онлайн режимінде құттықтаулар мен көптеген жылы лебіздер айтылды. Ата-аналар, ұстаздар түлектерді өмірдің ең үлкен мектебіне аттандырды, өз кезегінде оқушылар мектеп ұжымына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Зияткерлік мектептің «Алтын белгі» үміткерлері Аяжан Шалхыбаева мен Юлия Цой өз білімдерін растады, ал бес оқушы Сезім Ертанатов, Артем Ли, Әнуар Түсіпбаев, Нағын Сейтхан, Алим Тілеулиев «Үздік аттестат» иегері атанды.

Гарвард университеті, KAIST Кореяның технологиялар институты, Льюис университеті, Калифорния университеті, Пенсильвания, АҚШ-тың Дрексель университеті, Нью-Йорк киноакадемиясы, Будапешт іскерлік мектебі, Венгриядағы Дебрецен, Печ университеттері сияқты әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарына он түлек оқуға шақырту алды.

Анел Ким Римдағы Ла Сапиенца университетінің тұрақты дизайн факультетіне оқуға түсті. Анелді әрқашан құрылымдық инженерия қызықтыратын. Көптеген университеттердің бағдарламаларымен танысып, ол La Sapienzaға тоқталды, себебі бұл университет, түлектін айтуынша, қоршаған ортаға деген алаңдаушылығын білдіруге көмектеседі.

«Білімің болса, еш жерде қалмайсын!» - бұл Дильназ Жемісбектің басты ұраны. Бала кезінен бастап ол дизайнға қызығушылық танытты және жақын болашақта оның сүйікті хоббиі бүкіл өмірінің жұмысына айналатынына сенімді. Дильназ - робототехникадан халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы. Сондықтан ол өз кәсібін аэроғарыш саласымен байланыстырғысы келеді. Қазіргі таңда Дильназ KAIST- атты Кореяның алдыңғы қатарлы технологиялар институтына шақырту алды.

Әлемдегі ең үздік Гарвард университетінен шақырту алған Сезім Ертанатов мұғалімдерге, ата-аналарға, мектеп қауымына, сыныптастарына құттықтау сөзін жолдады.

 - Мектеп – кез келген адамның жүрегінде. Ойып тұрып орын алатын, оны ыстық сағынышпен еске алатын балалық шақтың балғын уақыттарының бірі. Осы сәтте осы күнге дейін бізге қажырлы еңбекпен, жан-тәнін аямай білім, тәрбие берген аяулы ұстаздарға алғыс білдіреміз. Біздің тірегіміз, қолдауын ешқашан аямайтын ардақты ата-аналарымызға да бас иеміз. Ал түлектерге айтарым – болашақтарын баянды, мақсаттарын айқын болсын, - деді Сезім өз жолдауында.

Сертификаттарды тапсыру рәсімінің соңында Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Виктор Сосин ағылшын астрофизигі Стивен Хокингтің сүйікті сөзімен бөлісті.

«Сен аяғына емес, жұлдыздарға қарауды ұмытпа. Айналадағы көрген нәрсені түсінуге тырыс және ғаламның бар екендігі туралы ойла. Әрқашан қызығушылық таныт. Өмір қанша қиын көрінгенімен, сенің қолыңнан келетін және сені табысқа жеткізетін саланың бар екенің ұмытпа. Ешқашан бас тартуға асықпа».

Автор:
НЗМ баспасөз қызметі