Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

NIS оқушылары Photocamp жазғы факультативіне қатысты


11 июня 2021, 05:21 | 1 574 просмотра



 «National Geographic Qazaqstan» редакциясы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына арналған дәріс бағдарламасын өткізді. Семинар барысында кәсіби фотографтар Герд Людвиг және Әсем Ғарифулла өз тәжірбиелерімен бөлісті. Бес күндік бағдарлама ішінде оқушыларға камераны дұрыс қолдануды үйретіп, композицияның негізгі шарттарымен таныстырды, сонымен қатар қатысушылар алған білімдерін практика жүзінде тексере алды.

Жас фотографтар «Медеу» спорт кешеніне, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына, Д.А.Қонаев музей-үйіне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына барып, фотосурет жасаудың ерекше тәсілдерін қарастырды. Тек фото суреттің негізгі ережелерімен танысып қана қоймай, қиялға ерік беріп, үлкен оқиғаны бір сурет арқылы жеткізуді үйренді.

-  Photo camp секілді курстарға қатысу мен үшін осы жолы бірінші рет болды. «Фотоөнер» семинарының арқасында мен өзім үшін бірегей тәжірбие мен баға жетпес ақпарат ала алдым. Курс көптеген баға жетпес сәттер мен естеліктерге толы болды. Photo camp курсы келесі жылдарда да жалғасып, ары қарай дамиды деген үміттемін, - деп Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Тоғжан Құлжабай өз пікірімен бөлісті.

Автор:
НЗМ баспасөз қызметі