Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев тікелей эфир өткізді


11 июня 2021, 05:19 | 481 просмотр



2 маусым күні  облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев "Instagram" әлеуметтік желісі арқылы "Депутатқа сауал қой" тақырыбында тікелей эфир өткізді, - деп хабарлайды  Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Эфир барысында Жанболат Әкебайұлы оқырмандарға облыстық мәслихаттың атқарған жұмысымен "Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасының іске асуы, өңір дамуы мен алдағы жоспарлары жайлы оқырмандарға ақпарат берілді.

Жалғасы сұрақ-жауап алмасу форматында өтіп, түрлі сауалдар қойылып жауабын беріп, Жанболат Әкебайұлы кейбір сұрақтарды өз бақылауына алды.

Жалпы облыстық мәслихат депутаттары жыл басынан «Депутатқа сауал қой» тақырыбында 363 тікелей эфир өткізіп, 50 000 нан аса оқырмандарды қамтыды. Өңір депутаттары жыл басынан бері 734 адам қабылдап, оның 444 өтініші (82%) оңды шешілген. 281 сұрақ бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар депутаттар өңір тұрғындарымен 269 кездесулер өткізіліп, өзекті мәселелер бойынша жалпы 62 депутаттық сауал жолданды.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі