Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жедел респираторлық аурулар


25 февраля 2011, 07:46 | 6 092 просмотра



Жедел респираторлық

аурулар полиәтиологиялық

аурулар тобына жатады. Бұл терминмен тыныс алу жолдарының барлық жедел инфекциялық ауруларын, мұрыннан өкпеге дейін біріктіруге болады. Бұл терминді эпидемиологиялық мақсатта да пайдалану оңтайлы, өйткені барлық аурудың патогенезінде, берілу жолдарында ұқсастық, ортақ белгілер көн. Жедел респираторлық аурулар және жедел респираторлы-вирусты аурулардың қоздырғышы көбінесе (90%) вирустар. Вирусты деген сөздің өзі бұл ауруларға бактериялардың қатысы жоқтығын, емдеу барысында антибиотик қабылдаудың қажеті жоқтығын көрсетеді. ЖРВИ – жедел респираторлық вирусты инфекция балаларда өте жиі кездеседі және емдеуде ата-аналар тарапынан көптеген қателіктер жіберіледі. Пайдаланылатын дәрілердің көбінің жағымсыз әсерлері көп, Сондықтан, ЖРВИ белгілерін үйішілік заттармен жеңілдетуге болады.

ЖРВИ белгілерін емдеу

Балалардың дене қызуы көтерілуі – бұл организмнің қарсы күресу күшінің белгісі болып табылады, сондықтан ыстық түсіретін дәрілерді пайдалану белгілі жағдайларда ғана керек. Кейбір дәрігерлер, ата-аналар дене қызуының көтерілуін қауіпті деп санап, тез оны төмендетуге тырысады. Жүргізілген сынақ нәтижелеріне қарасақ, ЖРВИ-мен ауырған балалардың 95 % ыстық түсіретін дәрілерді пайдаланады екен. Соның ішінде 92 % - ның дене температурасы субфебрильді, яғни 37,50-тан аспаған. Бұл дұрыс емес. Себебі дене қызуының көтерілуі суық тиюге қарсы организмнің күрес күшінің құрамдасы болып табылады. Гипоталамуста орналасқан терморегуляция орталығына цитотиндердің әсер етуінен дененің ыстығы көтеріледі. Осы әсерден организмде интерферон синтезі күшейеді, полинуклеарлардың бактерияларға әсері көбейеді, лимфоциттер мен лейкоциттердің саны артады. Көптеген микробтардың көбею күші әлсірейді.

Дене қызуының 39-400-қа дейін көтерілуі организмде зат алмасу қызметін, О2-ні пайдалануды күшейтеді. Аурушаң балаларда, 0-3 ай аралығындағы балаларда бұл жағдай орталық нерв жүйесінің ісінуіне, тырысуға әкеліп соғуы мүмкін.

Температураны төмендету қажет:

1.Егер 3 айдан жоғары, бұрын ауырмаған, дене қызуы 390-тан жоғары болса бас ауруы, бұлшық ет пен сүйек қақсауы болса;

2.Өкпе, жүрек аурулары бар, бұрын фебрильді тырысу болған, жасы 0-3 ай аралығындағы балаларға егер дене қызуы 38-38,50 тан асса.

Балаларға арналған ыстық түсіретін дәрілерді қолдануда оның әсер ету күшін емес, қауіпсіздігін бірінші орынға қою керек. Өйткені кейбір әсері күшті дәрілер дене қызуын бірден 34-350қа төмендетіп, баланың жағдайын асқындырып жіберуі мүмкін. Балалар арасында кеңінен қолданылатын дәрі – парацетамол болып табылады, 10-15 мг/кг күніне 60 мг/кг –дейін. Бас ауруы, бұлшық ет, сүйек қақсауы қысылған кезде ибупрофен - 5-10 мг/кг қолдануға болады. Аспирин, антипирин, фенацитин, аналгин балалар арасында қолдануға болмайды.

Жұмыс тәжірибесінен

2010 жылы ЖРВИмен ауырған балалар саны 342 болды. Оның ішінде дене қызуы жоғары көтерілгендері – 221, парингит және обструктивті бронхитпен асқынған түрлері – 97. Балаларға эффералгин, парацетамол таблетка, сироп түрінде ұсынылды. 50% – аналгин 1% димедрол 0.5% новокаин ерітінділері әр жасына 0.1 мл-ден жасалынды. Осы іс-әрекеттер нәтижесінде дене қызуы 370-32.50 қа дейін төмендетілді. Ал асқынған жағдайларда сальбутамол аэрозолі 2g қолданылды.

Қорытынды

Балалар организмінің аллергизациялануының көбеюіне байланысты ЖРВИ-лардың ларингит, обструктивті бронхитпен асқынулары көбеюде. Антибиотикті қалай болса солай пайдалану, қоршаған ортаның ластануы, дұрыс тамақтанбау да балалр денсаулығына кері әсерін тигізуде. Сондықтан: емшек сүтімен қоректендіру, шынықтыру өз бетінше емделмеу, антибиотиктерді пайдаланбау, салауатты өмір салтын сақтау аурудың алдын-алу шараларының бастылары болып есептелініп, асқынулардан сақтайды.

Автор:
Ш.Т. БАҚТАЕВА, Сағабүйен ауылдық - дәрігерлік амбулаториясының жалпы отбасылық дәрігері. Ақсу ауданы