25 февраля 2011, 07:47 | 2 243 просмотра
Жұмыс орнында бой жазу – міне, бізді енжарлықтан, ал денемізді қатып қалудан құтқарады. Аяқтан бастайық, тұрып және отырып істейтін жұмыстардың ешқайсысы да сай келмейтін және бір орында қозғалыссыз ұзақ уақыт тұруды қажет етпейтін, біздің көп азап шегуші аяғымыздан бастайық. Тұрып және отырып істейтін жұмыстар қан айналымына нашар әсерін тигізеді, оның салдары аяқтарға кері әсерін тигізеді.
Веналардың варикозды ұлғаюы (әсіресе әйелдерде) көбінесе сол отырып және тұрып істейтін жұмыстармен байланысты.
Үстел жанында отырған кезіңізде, сіздің аяқтарыңыз дене шынықтыруын жасай алады.
1. Аяқ үшін жақсы, жай қарапайым жүк – жүру. Басы артық минөт пайда болса, компьютерден тұрыңыз да, дәлізде ары-бері жүріңіз, тез-тез жүруге де болады. Жүру аяқтар үшін жақсы бой жазу, сондықтан егер сізде жұмыс уақытында жүруге мүмкіншілігіңіз жоқ болса, онда жұмысқа дейін не жұмыстан кейін жүруге тырысыңыз.
2.Егер сізге бір орында ұзақ уақыт тұруға тура келсе – аяқтарыңызды кезек-кезек ауыстырып отырыңыз, яғни салмақты екі аяққа кезек салыңыз. Аяқты аяқтың үстіне салып отыру сияқты жаман әдеттен арылыңыз, бұл аяқтардағы қан айналымына кедергі жасайды.
3.Отырған кезде еденде ақтарыңызбен «жүгіріңіз».
4.Бір-екі минөт өкшелеріңізбен еденді тарсылдатыңыз. Бұл жаттығудың мәнісі – сіз қан және лимфаны қуасыз.
5.Аяқтарыңыздың саусақтарын жаттықтырыңыз – олармен еденнен ұсақ заттар алуға тырысып көріңіз, нәски және шұлық бұған ауыр болмайды.
6.Табаныңызбен цилиндр тәрізді бір затты домалатыңыз, мысалы қарындаш.
7.Отырған кезіңізде табаныңыздың ішкі және сыртқы жақтарымен, өкшесімен және ұштарымен «жүріңіз».
8.Жай қозғалыстармен аяқ табанын ауыстырыңыз, алдымен оны табанның сырт жағына, сосын ішкі жағына қойыңыз.
Ең соңында назарларыңызды аяқ киімге аударайық. Аяқ киімді ыңғайлы өкшесімен және етік қалпымен таңдаңыз. Ыңғайсыз аяқ киім түтікшелерді қысып тастайды, қалыпты қанайналымын, табанды бұзады.