25 февраля 2011, 07:48 | 2 278 просмотров
Қазіргі кезде 1,6 млрд-қа жуық адам қозғалу үшін велосипедті үнемділік не болмаса жолда кептеліп қалудан қашып құтылу үшін таңдамайды.
Велосипед тебу жан үшін де, тән үшін де пайдалы.
-стрестен шығуға көмектеседі
Психологтер бұрыннан айтып келеді, егер біреу стресс алса не депрессияға түссе, болмады дегенде, оның істейтіні – төсектің астына тығылып алып, бұл қашан өтеді екен деп, күтіп жатады, не болмаса әр түрлі ұнтақтармен және дәрілермен басып тастауға тырысады. Ал, қозғалу болса ойыңызды басқа нәрсеге аударуға көмектеседі, табиғатта өткізілген уақыт жаныңызға күш береді.Велосипед тебу, міне, сол стрестен шығаратын дәрі, ол өзіне қозғалыс пен табиғатта рақаттануды біріктерген.Тренажердің экранында қанша калория жаққаныңызды бақылағаннан гөрі, өзіңнің айналаңдағы адамдар мен табиғатты тамашалаған, жаныңызға қайда жағымды.Ал, велосипедпен серуендеп қайтқаннан кейін, сіз ойыңыздың кішкене өзгергенін байқайсыз, және жанға жайлы тигендей шаршағаныңызды сезесіз.
-артық салмақтан арылуыңызға көмектеседі
Қатал диеталар, жартылай бос тәрелкенің жанындағы азық-түлік құнарлылығы туралы кесте, тәттіні шектеу, күрделі дене жаттығулары. Бұл күрделі нәрселердің барлығын қолы тие бермейтін әйелге де оңай тиетін, жай ғана велосипед тебумен ауыстыруға болады.1000 калория жағу үшін аптасына 1,5 сағат велосипед тебу жеткілікті. Бұндай күш салу кезінде сіз аса бір шаршағандықты сезе қоймайсыз.
-сіздің аяқтарыңыз модельдің ақтарындай болады
Егер велосипедті дұрыс тебе білсеңіз, педальдерін дәлірек айналдырсаңыз, аяқтарыңыз сымбатты,бөкселеріңіз шымыр болады. Велосипед тебу кезіндегі аяқтардың ырғақты қозғалысы – бұл сергітіп, пайдасын тигізетін, өзінше бір жаттығу.
-сіздің жүрегіңіз сағат секілді жұмыс жасайтын болады.
Велосипед спорты – шыдамдылыққа жаттықтыратын, сондай-ақ велосипед тебу кезінде белсенді жұмыс жасайтын, бірақ соншалықты бір жүк түсіруді сезбейтін біздің жүрегімізді нығайтатын және жаттықтыратын спорт түрі. Велосипед тебу - бұл жүрек үшін түтікшелерде қалып отыратын зиянды холестериннің деңгейін төмендететін тазалаушы оттегі бомбасы. Велосипед тепкенде қалай жеңіл дем алатыныңызды сезесіз, ал веналарда қан тез жүреді. Бірақ мына бір нәрсені ескеру керек, бұл әсерлердің барлығы жақсы болады, егер өз мүмкіншіліктеріңізді асыра бағалап, қандай –да бір рекордтар қоюға тырыспасаңыз.
Есте сақтаңыз, бастапқы кезде велосипедпен серуеніңізді 15 минөттен жасаған дұрыс, бірден басқа қалаға саяхатқа шыққаннан гөрі.
Егер сіз велосипедпен серуенге шықпақшы болсаңыз, онда сіз ләззат алудың орнына нашар көңіл күйіне ұшырап қалмайтындай, өзіңіздің дене бабыңызды ескергеніңіз дұрыс.
Ең бастысы, велосипед тебуден бас тартпаңыз, егер аяқтарыңыз не бөкселеріңіз ауыра бастаса, сіздің денеңіз жүк салуға үйренеді де ауырмайтын болады. Бірақ, есте ұстаңыз жүкті аз-аздан беру керек.