Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Дәрігерлік амбулаториялардың медициналық қызметкерлерімен кездесу


7 июня 2021, 05:22 | 1 395 просмотров



Алматы облысы бойынша Қордың филиалы Қарасай ауданындағы медициналық мекемелерге мамырдың 25-28 аралығында оқыту семинарлар ұйымдастыру аясында келесі дәрігерлік амбулаториялардың медициналық қызметкерлерімен кездесті: Жібек жолы бекетінің, Батан, Қошмамбет, Жамбыл, Райымбек, Абай, Қырғауылды, Жаңатұрмыс, Көксай, Бекболат, Жандосов,
Шалқар, Ұлан дәрігерлік амбулаториялары.

Аталған медициналық мекемелер Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасына қарасты. Оқыту МӘМС және ТМККК шеңберіндегі медициналық қызметтерді жіктеу бойынша, халықты сақтандыру тәсілдері туралы ақпараттандыру және жүйедегі өзгерістер бойынша жүргізілді. Сонымен қатар, ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың жабдықталуы, мамандармен жасақталуы, сапалы интернет желісімен қамтылу бағаланды. Ауданға қатысты қарастырылған негізгі сұрақтар - амбулаториялық-дәрілік қамтамасыздандыру, жүкті әйелдерді уақытылы тіркеуге алу мен қажетті медициналық қызметтермен қамтамасыздандыру және дәрігерлік этика мен деонтология.

Автор:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы