Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Талдықорған қаласындағы НЗМ оқушылары мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілігін білдірді


4 июня 2021, 08:54 | 911 просмотров



«Объективтегі ART Alem» байқауына 11Д сынып оқушысы Анастасия Логвиненко, 6С сынып оқушысы Ранона Жәлелқызы және 3Б сынып оқушысы Александр Матюшенко қатысып, мемлекеттік рәміздер күніне креативті суреттер салды.

Аталған іс-шараны Алматы облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы "Jetisý media" КММ ұйымдастырды.

Іс-шара Қаратал өзенінің жағалауында өтті. Әр сурет өзінің шығармашылығымен ерекшеленді.

Ту, Елтаңба және Әнұран халқымыздың: бірлік, бейбітшілік, келісім, достық, еркіндік, болашаққа деген ұмтылыстың құндылықтарын білдіреді. Рәміздердегі бейнелер, біздің елімізде береке бірлігі жарасқан ұлттар тұратынын әркез еске салады.

Дегенмен, бүгін Ранона Жәлелқызы Қазақстанды әлемнің кез-келген жерінде кез-келген адам тануға мүмкіндік беретін нышандарды салды.

- Менің суретімнің басты белгісі - ту. Мен оны еліміздің контуры түрінде салдым. Флора мен фаунаның символы ретінде барысты бейнеледім, сонымен қатар домбыра мен киіз үйде біздің елімізде ерекше орын алатынын да көрсеттім. Және де менің жұмысымда кемпірқосақ та бар  - өмірдің барлық түстерінің бейнесі, трансформацияның, мейірімділіктің символы, - деп 6-сынып оқушысы Ранона өзінің жұмысы туралы айтып берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты-адамгершілік-патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, көркем шығармашылық саласындағы талантты тұлғаларды анықтау.

- 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Мемлекеттік рәміздер-бұл біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың көрінісі. Осы іс-шара арқылы біз жас ұрпақтың мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілігі мен құрметін оятқымыз келеді. Әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы-осы қасиетті құндылықтарға құрметпен қарау, - деді "Jetisý media" КММ орынбасары Мұратбек Балтабеков.

"Объективтегі ART әлем" байқауының қорытындысы бойынша қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Автор:
НЗМ баспасөз қызметі