Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АУЫЛЫМ-ӘНІМ


25 февраля 2011, 07:50 | 2 406 просмотров



Қалқатайдың

дауысы - ай!

Аралаймын ауылыңды тарланменен,

Қараймысың, қасыңа барғанменен.

Ойламайын, күлмейін десем-дағы,

Өтіп барады жас дәурен арманменен.

Қайырмасы:

Тайбурылдың шабысы-ай,

Сәйгүліктің дыбысы-ай.

Көкейімнен кетпейді-ай,

Қалқатайдың дауысы-ай.

Бетер деймін, ендеше, бетер деймін,

Осы бүгін көңіліңді көтер деймін.

Осы бүгін көңіліңді көтермесең,

Ойлағаның, күлгенің бекер деймін.

Қайырмасы:

Тауып алдым аққудың жұмыртқасын,

Бізден сәлем айта бар, ұмытпасын.

Өлең айтпай біз қалай отырамыз,

Сіздер менен біздер боп жолыққасын.

Қайырмасы:

Қоңыр қаз, үйрек

Ендеше, онбесте едім, онбесте едім,

Кезінде он бес жастың жанкеспе едім.

Қыздармен онбесімде жауласып ем,

Келгенше жиырма беске үйлеспедім.

Қайырмасы:

Қоңыр қаз үйрек,

Ұшады түйдек.

Құрбыңды алдай берме,

Үйдеп, бүйдеп, ой, қалқа-ай.

Мінгенім дәйім менің торы құнан,

Ақсайды жануарым тобығынан.

Көңілің шыныменен менде болса,

Ауылдың жолығайық қорығынан.

Қайырмасы:

Ұлпадай бетің,

Мақтадай етің.

Жалғанда қиын екен,

Ғашық дертің, ой, қалқа-ай.

Мінгенім дәйім менің қасқа құнан,

Қыздардың сақта, құдай, асқағынан.

Құласа шыныменен көңіл шіркін,

Ауылдың жолығайық тастағынан.

Қайырмасы:

Құрбым-ау, серттеселік, серттеселік,

Сақтаса серттен құдай, ептеселік.

Көңілің расыменен болса менде,

Тасындай диірменнің беттеселік.

Қайырмасы:

Автор:
Айдарды жүргізуші ЫРЫС АҚАДЫҚ.К.Р.А.