Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ана мен бала денсаулығы назардан тыс қалмайды


25 февраля 2011, 07:52 | 3 814 просмотров



Вич індетіне шалдыққан балаларды қоғамнан ешқашанда аластатпау қажет. Олар емделіп, сырқатынан сауығып кетуі әбден мүмкін. «Ана мен бала» оңалту орталығында тіркеуге алынып, емделіп жатқан балалардың бүгіні мен ертеңі биліктің назарында. Бүгінгі таңда «Ана мен бала» оңалту орталығында, Вич індетіне шалдыққан 205 бала ем алуда. 159 бала 7-жасқа дейінгі жеткіншек болса, қалғандары кәмелеттік жасқа дейінгілер болып саналады. 2006 жылы құрылған орталықта сол уақыттан бері ем-дом жүргізіліп келеді.

Індетке қарсы «Берэнд» дәрілері тек қана шет елдерден алынады екен. Орталықтың бас дәрігерінің айтуынша, ем алушыларға дәрі-дәрмек толық жеткілікті. Мұндағы балалар билік пен халықтың назарында. - Жоғарыда аталған 205 баланың 58-і ВИЧ індетінің 4-ші дәрежелі клиникалық кезеңіне өтіп кеткен. Бұл еліміздегі ең күрделі кезең болып саналады. Бүгінгі таңда олардың 46-сы сол уақытта болған. Қалғандары кейіннен өткен. Алайда олардың барлығының да келешегінен мол үміт бар деп толық айта аламын. Бүгінгі таңда 205 баланың біреуі ғана аса күрделі жағдайда десек, қалғандарының жағдайлары бір қалыпты, - дейді «Ана мен бала» оңалту орталығының бас дәрігері Еркен Құлманбетов. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, еліміздегі «СПИД» орталықтарына 16 мыңнан аса адам тіркеуге алыныпты. Олардың дені 16 жастан, 49 жасқа дейінгілер болып саналады екен.

Автор:
Оңтүстік Қазақстан облысы