Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Арақ емес, АҒАРҒАН ІШЕЙІК!..


25 февраля 2011, 07:54 | 2 514 просмотров



Қазақстан тағы да алғашқы орында. Бұл жолы алақайлап алақан соға алмаймыз, өйткені мұндай атаққа ұмтылға нымыз жоқ. Өкінішке қарай, қазақстандықтар арақ ішуден Батыстағылардың алдын орап кетіпті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жариялаған баяндамасында біздің ел Бразилия, Мексика, Өзбекстан және Оңтүстік Африка елдерімен бірге салынып ішетін маскүнемдері көп мемлекеттің қатарында тұр. Соның ішінде алкогольді көп қолданудың кесірінен көбірек ажал құшатындары Ресей мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің тұрғындары екен. Бұл елдерде әрбір бесінші өлім «ақаңның арқасында» болады.

Қазақ «атаңнан қалған ас емес» дейтін алкоголь өнімдерінің адам денсаулығына тигізетін кесірі туралы аз айтылып жүрген жоқ. ДДСҰ-ның мәліметі бойынша, алкогольдің кесірінен әлем бойынша жыл сайын екі жарым миллионнан аса адам ажал құшады. Арақтың кесірінен бақилық болғандардың саны құрт ауру мен СПИД, соғыста қайтыс бол-ғандардан әлдеқайда көп. Баяндама авторларының пайымдауынша, маскүнемдіктің таралуының басты себептерінің бірі - адамдардың тұрмыс жағдайының түзеле бастауы. ДДСҰ мамандары Азия мен Африка елдеріндегі халықтың табысы көбейген сайын, арақпен достасатындардың қатары артып жат-қандығын айтады. Алайда ешбір мемлекет осындай қауіпті эпидемияның алдын алу үшін аса қатал шараларды қолдануға асығар емес. Бір қызығы, ежелден шарап шығаратын Франция, Испания секілді елдерде мас-күнемдердің қатары өзге мемлекеттермен салыстырғанда аз.

Мамандар мұны осы елдерде өндірілетін өнім сапасының жоғарылығымен және «алкоголь ішу мәдениетінің» қалыптасуымен байланыстырады. Арақтан бір татқан жанның оны екінші рет ауызға алатыны анық. Дәрігерлер спирттік ішімдікті көп қолдану 60-тан аса аурулар мен зақымдарға алып келетіндігін айтады. Соның ішінде адам ең бірінші бауырынан айырылып, түрлі обырдың құрсауына түседі. Осындай ауыр нау-қастармен қатар, эпилепсияға шалдығып, ішімдікпен уланатындар қаншама. Қызып алып рульге отыратын жүргізушілердің кесірінен болатын жол-көлік оқиғалары қайғылы қазаға әкелетін кездері де аз емес. Кесел сапасыз, қайда өндірілгені белгісіз өнімдерді көптеп пайдаланудың кесірінен жабысады.

«Самопал» арақтардың сапасын мемлекет бақылай алмайды, алайда ДДСҰ-ның мәліметі бойынша, ол ішілетін алкогольдің үштен бірін құрайды екен. Сарапшылар арақтың құнын қымбаттату ішкілікке салынудың алдын алады деп пайымдайды. Қазақстанда да жыл басынан бері арақ пен темекі біраз қымбаттағаны белгілі. Дегенмен салауатты өмір салтын қалыптастыру жолында қызмет етіп жүрген мамандар әлі де болса арақтың құнын көтере түсу керек екендігін алға тартады. Өйткені қазірдің өзінде елімізде 249 мың адам арақтың кесірінен пайда болған ауыт-қушылығы бар науқас ретінде диспансерлік есепте тұр екен. Тағы бір өзекті мәселе- Қазақстанда ішкіліктің жаңа түрі - сыра алкоголизмі пайда болды. Мамандар сыраның адам денсаулығына тигізетін кесірі таза арақтікінен кем емес деп дабыл қақса да, оған құлақ асып жатқандар аз. «Алкогольсіз» деп жарнамаланатын сыраны сылқылдататын жастарға ата-анадан тыйым болмай отыр. Өйткені біздің санамызда «сыраның зияны аз деген» жалған сенім ұялап алған. Арақ ішу - азғындыққа апаратын бірден-бір жол. Соның кесірінен қаншама отбасының шаңырағы ортасына түсіп, балалар тірі жетім атанып жатыр. Көз қорқытатын статистикалық деректерді келтірмей-ақ қояйық. Қымыз бен шұбат ішіп, салауатты өмір сүрген қазақтың бүгінгі ұрпағының арақ ішуден алғашқы орында тұрғаны ұят-ақ.

Автор:
Үмітжан ЖАПАР