Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Өңір депутаттары кондоминиум объектілері басқару формасының жаңа институтын енгізу бойынша кездесулерді бастады


20 мая 2021, 04:56 | 1 724 просмотра



Жоспар бойынша ағымдағы жылдың  маусым айында Алматы облыстық мәслихатының тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының «Алматы облысында Кондоминиум объектілері басқару формасының жаңа институтын  енгізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы» тиісті басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің есебін тыңдау жоспарланған, деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Осыған орай,  тұрақты комиссия төрағасы Б.Үстенов бастаған топ мүшелері а.ж. 18-19 мамыр күні Қапшағай қаласы, Іле ауданы, Талдықорған қалаларында Қазақстан Республикасының 1997 жылғы   16 сәуiрдегi  Тұрғын үй қатынастары туралы N 94 Заңының 7 тарау, 42 - 65 бабтарына сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару формаларын құру немесе қайта құру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әкімдіктердің мәжіліс залында кездесу ұйымдастырды. Аталған жұмыстарды облыстық тұрғын-үй коммуналды шаруашылық басқармасының бас маманы Д.Скаков, облыстық мәслихат депутаттары Б.Үстенов, Ж.Жазықпаева, Ж.Донбаев, Г.Тойлыбаева түсіндіріп өтіп, аудан-қала депутаттарымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе аталған мәселені жан-жақты зерделеп, сұрақ жауап алмасты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы Жолдауында айтылған міндеттердің бірі мүлік иелері бірлестіктері институтын (ОСИ) енгізу жөніндегі реформаны іске қосу.  Реформа тұрғындардың меншікті басқару, күтіп ұстау мен жөндеуге қаражат жұмсау кезіндегі есеп берушілік жөніндегі пікірлерін есепке алуды жолға қоюға арналған. Тиісті заң қабылданды. Барлық көппәтерлі кешендер кезең-кезеңімен басқарудың осы нысанына көшуде. Алматы облысы бойынша Еңбекшіқазақ, Іле, Панфилов аудандары мен Талдықорған, Қапшағай қалаларында жұмыстар жүргізілуде.Алайда, тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдер осы маңызды реформаның іске асырылуын қамтамасыз етіп жатқанмен де  халық арасында  насихатталу деңгейі төмен. Енді барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары да реформаның іске асырылуына атсалысатын болады.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі