Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Күйіктер. Күйік түрлері


18 февраля 2011, 07:44 | 8 748 просмотров



Терінің зақымданған факторына байланысты күйіктер термиялық (ыстық сұйықтықпен, от жалынымен, ыстық металмен), электр және химиялық болып бөлінеді.

Зақымданудың тереңдігіне байланысты 4 деңгейге бөлінеді: І деңгей – терінің қызар-

уы және ісік; ІІ деңгей – қызару мен ісік үстіне көпіршіктер пайда болады, сұйықтық толады; ІІІ деңгей – терінің өлуі; ІҮ деңгей- терінің және тері асты клеткаларының, бұлшықеттерінің, сүйектердің өлуі.Күйік ауданы тоғыз ережесі және алақан ережесі арқылы анықталады. Ересек адам алақанының ауданы дене ауданының шамамен 1 % құрайды. Тоғыз ережесі бойынша дененің ірі бөліктері дене беті ауданының 9 немесе 18 % құрайды. Мысалы, бас және мойын беті, қолдың сырты 9 %-дан тұрады, аяқ сырты, дененің алдыңғы жағы -18 % -дан тұрады. Егер зақымданған жердің жалпы ауданы 10%-дан жоғары болса, күйік ауыр болып саналады.

КҮЙІК КЕЗІНДЕГІ КӨМЕК

Сіздің бірінші қадамыңыз термиялық агенттің зақымдау әрекетін тоқтатуға бағытталған болуы тиіс. Жанып жатқан киімді не жұлып тастау немесе үстіне көрпе жабу қажет. Кейін Сіз киімді кесіп (шешпеу)алып, тастау керек. Термиялық күйіктер кезінде теріні тез салқындату үшін оны салқын сумен құйған дұрыс. Химиялық күйіктер кезінде зақымданған теріні алдымен 10-30 минут бойы судың көп мөлшерімен жуыңыз, кейін – нейтралдайтын ертіндімен жуыңыз: қыш-қылмен күйген кезде – соды ертіндісімен, сілтілермен күйген кезде – сірке қышқылының әлсіз ертіндісімен.

Науқасқа 1-2 г ацетил қышқылын және 0,05 г димедрол беріңіз. Егер күйік ауданы 15 %-дан асып түссе, онда науқасқа кем дегенде ас содысымен және ас тұзымен 0,5 л су беріңіз (1/2 шай қасық сода және 1 шай қасық тұз 1 л суға).

Күйік жараларына құрғақ стерильденген таңбаларды салыңыз, пациентті тезірек ауруханаға жеткізіңіз

Автор:
Қазақстан Республикасының info-health.kz ақпараттық-танымдық веб- порталынан әзірлеген Ырыс КЕНЖЕ.