Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Өмір сүру үшін есте сақта!


19 мая 2021, 06:15 | 1 895 просмотров



Мамыр айының үшінші жексенбісінде әлемде Дүниежүзілік АИТВ-дан қайтыс болған адамдарды еске алу күні дәстүрлі түрде атап өтіледі. Бұл күнді алғаш рет 1983 жылы Сан-Франциско қаласында ЖИТС мәселесі жеке бастарына түскен американдықтар тобы ұйымдастырды, содан бері бұл дәстүрге айналып отыр.

15 мамырда Талғар аудандық орталық ауруханасында орналасқан, Алматы облыстық ЖИТС орталығына қарасты  Сенім бекеті қызметкерлері Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай ақпараттық іс-шарасын өткізіп, өз үлестерін қосты.

Медбике Г.Аубакирова мен аутрич-жұмыскерлер: М.Козакевич, М.Тажиева, Д.Нысаналова, сондай-ақ аурухана қызметкерлері Талғар қаласы тұрғындарымен көше, аулаларда жүздесіп, ЖИТС індетінің эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық-оқыту құралдарын, мүшеқаптар таратты.

Автор:
Г.Аубакирова, Сенім бекетінің медбикесі