Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Үсу формалары және деңгейлері


18 февраля 2011, 07:46 | 4 011 просмотров



Ұлпаны үсітіп алған кезде суық әсер етеді – буындардың ұзақ мерзімді спазмасы кейінгі тромбозбен ұлпадағы трофикалық бұзушылықтарға әкеледі. Үсу қоршаған ортаның температурасы 0 °С-тан төмен болған кезде болуы мүмкін. Саусақтарды үсітіп алу ең жиі кездеседі, одан азырақ – құлақ, мұрын, бет, табан. Тез болғанда, ауа ылғалдығы көбірек болса, соншалықты температура төмен болады. Мас болған кезде үсік жиі кездеседі. Сондай-ақ ол ағзаның жалпы суық тиюіне әкеліп соғады. Алкоголь әсерінен және жылуды тез беруден тамырлардың кеңеюімен түсіндіріледі. Ауыр үсік және ағзаның салқындауы кезінде ағзада ентікпе, тахикардия, АҚ түсуі мүмкін.

Үсіктің бастапқы кезеңінде үстіңгі қабаттағы үсіген жер ақшыл, салқын, сезімталсыз болып келеді. Науқас үсіген жерін сезе алмай қалады. Жылытқан кезде қатты ауыра бастайды және көзге көрінерлік ұлпадағы зақымдар үсу деңгейіне байланысты көріне бас-

тайды: І деңгей – тері көгеріп кетеді; ІІ деңгей – мөлдір сұйықтықпен толытырылған тері көпіршіктері; ІІІ деңгей – көгерген тері, ісік пайда болады, көпіршік қанды сұйықт ықпен толады, терінің өлуі пайда болады; ІҮ деңгей – терінің өлуі және сүйекке дейінгі тереңдіктегі барлық ұлпа зақымданады, бір аптадан кейін – ылғалды немесе құрғақ қағыну.

Үсу кезіндегі алғашқы көмек:

Алдымен, үсіген аймақты қыздыру керек. Нақты тәсілдер сол кездегі жағдайға байланысты. Зиян шеккенді жылы жерге алып келеді. Егер Сізде мүмкіндік болса, науқасты температурасы 15 минут ішінде 36-дан 40 °С-қа дейін көтерілетін суы бар ваннада жылту қажет. Сонымен қатар аяқ-қолдарын перифериядан орталыққа қарай массаж жасаңыз. 30 минуттан кейін теріні құрғатыңыз және спирт-

пен өңдеңіз, сыртынан мақтаның қалың қабатымен құрғақ стерильденген таңбасын салыңыз.

Бет пен құлақ саңылауларын үсіткен кезде оларды таза қолмен немесе жұмсақ матамен қызарғанша уқалаңыз, спиртпен және вазелин майымен сүртіңіз. Қыздыру үшін қарды пайдалануға болмайды. Ол терінің сыртқы қабатының зақымдануына әкеледі.

Жергілікті іс-шаралармен қатар, науқасқа ыстық шай және көрпемен орап жылыту қажет. Егер үсік көпіршік пен тері өлуімен қатар келсе, пациентті бірден ауруханаға жеткізу қажет.