Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Халық әндері Дедімай - ау


18 февраля 2011, 07:49 | 8 604 просмотра



Айналауйын, ақ жүзің айдан аппақ,

Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ,

дедімай – ау.

Көрген адам қасыңнан кете алмайды,

Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап,

дедімай – ау.

Қайырмасы:

Алма ағаштың гүліндей-ау,

Текеметтің түріндей-ау.

Өтіп дәурен бара жатыр,

Сізбен бізге білінбей-ау.

Құлағыңа таққаның күміс сырға,

Күмбірлетіп шығасың күнде қырға,

дедімай,-ау.

Сағыныштан сарғайып шыдам таппай,

Мен өзіңді қосамын ән мен жырға,

дедімай-ау.

Қайырмасы:

Шилі өзен

Айналайын атыңнан, алтыным-ай,

Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай.

Қайырмасы:

Шилі өзен қамыс-ай,

Бізді ойлай жүр таныс-ай.

Сіз дария болғанда, мен-қоңыр қаз,

Бауырым төсеп бетінде қалқыдым-ай.

Қайырмасы:

Айналайын қарағым, кекілдім-ай,

Балапаны аққудың секілдім-ай.

Қайырмасы:

Қолда барда алтынның қадірі жоқ,

Қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай.

Қайырмасы:

Ой, көк

Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген,

Үстінде дүрия көйлек шәймен бүрген.

Сол қыздың сұлулығын мен айтайын,

Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген.

Қайырмасы:

Ой, көк, апырым-ай,

Жастық дәурен өте ме-ай!

Сол қызды бір көргеннен болғам ғашық,

Сөйлесіп көрісуге көңіл ашып.

Сүймейді сұлу қызды қандай адам,

Тұрғанда туған айдай нұрын шашып.

Қайырмасы:

Автор:
Айдарды жүргізуші Ырыс АҚАДЫҚ. К.Р.А.