Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қауіпсіздік басты назарда


17 мая 2021, 07:16 | 1 939 просмотров



Талдықорған гарнизонына қарасты десанттық-шабуылдау бригадасының жеке құрамымен әскери объектілерде және аумақтарда өрттерді болдырмау, оларға қарсы қорғанысты ұйымдастыру шараларын жақсарту мақсатында арнайы өрт сөндіруші мамандармен бірлескен тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – әскери бөлім қызметкерлерінің өрт болған жағдайда оны сөндіру және оқшаулау, күрделі дәрежедегі өрттерді сөндіру тәсілдерін пысықтау, жұмысшы персоналды эвакуациялау және стратегиялық объектіде апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтау болып табылады.

Далалық өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Сценарий бойынша жеке құрамға заманауи өрт сөндіру техникаларының сөндіру құрал жабдықтарын, тәжірбиелік іс-әрекетін, қолдану тәсілдерін теориялық және практикалық түрде түсіндіріліп көрсетілді. Сондай-ақ осы жоспар аясында, төтенше жағдайлар мамандарымен штаттық өрт сөндіру құрылымдардың мүшелері мен ғимараттардың 2 және 3 қабатындағы өртті сөндіру кезіндегі іс-әрекеттер де орындалды.

- Ең бірінші мақсатымыз өрт шыққан жағдайда гарнизонның өрт сөндіру командаларымен бірлесе отырып, тілсіз жауды жою. Екіншіден жеке құрамның тәжірбиелік дайындықтарын жаттықтырып, кез келген тапсырмаларды қиындықсыз орындауға дайындау. Сондықтан осындай шаралар болашақта жиі өткізілуі жоспарда бар, - деді десанттық-шабуылдау бригадасының өртке қарсы қорғаныс қызметінің бастығы майор Думан Әшімов.

Өткізілген тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша жеке құрам мен өртке қарсы қызметінің бірлескен іс-қимылдарына оң баға берілді.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі