Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

МІНДЕТ – БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНЫН ӨТКІЗУ


18 февраля 2011, 07:53 | 1 374 просмотра


Денсаулық сақтау министрлігінде Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және бірқатар үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты болып өтті. Жиын барысында пациенттердің құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді төмендету, сонымен қатар денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысты тақырыптар талқыланды.

Медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен қауіпсіздігін басқару тетіктерін жетілдіру шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында оларды іске асырудың басымды стратегиялық бағыттары мен механизмдері белгіленген. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының тәуелсіз сараптамасына пациенттердің құқығы регламенттелген.

Қойылған міндеттерді іске асыру үшін Министрлікте 2011 жылы қоғамдық бірлестік-

терді, тәуелсіз сарапшыларды, медициналық қызметкерлер мен бейінді науқастарды бірқатар іс-шаралар жүргізуге белсенді тарту жалғастырылатын болады. Атап айтқанда, медициналық ұйымдарды аккредиттеу, медициналық қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру, медициналық қызметтер сапасы мәселелері бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу шаралары.

Қазіргі кезде республикада 300-ден асажеке тұлға және 16-дан аса заңды тұлға тәуелсіз сарапшылар ретінде аккредиттелген. Ағымдағы жылдың соңына қарай практикалық денсаулық сақтау мамандарын сарапшылық қызмет негіздеріне оқудан өткізгеннен кейін олардың саны 2 еседен аса толықтырылып, құрамы әртүрлі мамандықтар бойынша 1000-нан астам тәуелсіз сарапшыға жеткізіледі.

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті міндеттерінің бірі – денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу. Оның мәні медициналық қызметкерлердің біліктілігі деңгейін анықтауға саяды. 2011 жылғы 1 наурыздан бастап біліктілік емтихандары оларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастырылған кәсіби (бейінді) қауымдастықтар тартыла отырып жүргізіледі. Тиісті нормативтік құқықтық база ағымдағы жылы дайындалып бітеді және олсыбайлас жемқорлықты болдырмауға және пациенттердің құқығын қорғауға бағытталады.

Медициналық ұйымдарды аккредиттеу рәсімі елімізде 2009 жылдан бастап Дүние-

жүзілік банк жобасының қолдауымен жүргізілуде. 2011 жылдың аяғына дейін денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу бойынша тәуелсіз орган құрылатын болады, бұл осы функцияны азаматтық секторға өткізуге мүмкіндік береді.

Азаматтардың сапасыз медициналық көмекке шағымдануы денсаулық сақтау саласының жағдайын көрсетуші әділ индикатор болып табылады. 2010 жылы Комитетте және оның аумақтық бөлімшелерінде 2089 шағым қаралды.

Жедел үнқату және азаматтардың өтініштерін қарауды тиімді ұйымдастыру мақсатында Комитеттің барлық аумақтық департаменттерінде «шұғыл желі» қызметі, еліміздің медициналық ұйымдарында ішкі аудит қызметі және Министрліктің жанында пациенттердің құқығын қорғау бойынша қоғамдық кеңес құрылды.

Тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу тексерулер санын оңтайландыруға және қыс-қартуға мүмкіндік берді. Денсаулық сақтау министрлігінің қызметі бұдан әрі де пациенттердің құқығын қорғау, әкімшілік кедергілерді жою, сыбайлас жемқорлықтық тәртіп бұзудың алдын алу, үкіметтік емес сектормен серіктестік арақатынасты нығайту бойынша міндеттерді іске асыруға бағытталады.