Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жақсының жақсылығын айт


12 мая 2021, 04:20 | 1 635 просмотров



Өнегейлі  еңбегімен, тындырымды ісімен және қарапайым парасатты мінезімен абырой-беделге ие болып бірегей ынтымақты, ырысты ұжымның тәжірбиелі маманы Алматы облысты қылмыстық атқару жүйесі Департаментіне қарасты ЛА-155/16 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет старшинасы Айдос Алтынбекұлы Ажбековты 2018 жылдан бері қылмыстық-атқару жүйесінде үздіксіз қызмет етіп келеді.

Біз Айдос Алтынбекұлы 3 жыл барысында тәртіп бұзушылықтарға жол бермеген қызметкер ретінде танимыз. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын  демекші, Айдос Алтынбекұлы өз мамандығын жете меңгерген, әріптестері алдында ерекше беделге ие болған азамат. Қызметтік жолындағы адалдығы үшін басшылық тарапынан бірнеше рет марапатталған.

Маман ретінде әріптесіміздің жұмысына табыс, сәттілік тілейміз. Жүрер жолыңыздың ұзақ, алар асуыңыздың биік, көрер қызығыңыздың мол болуына тілектеспіз.

Автор:
Р.С.Мынбосынов, ДПНСИ, лейтенант юстиции